ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Ерейментау ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің аккредиттеуін жүргізеді.

Аккредиттеуге: жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары.

Аккредиттеу алу үшін «Ерейментау ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ-не (Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 115) келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • бекітілген нысан бойынша өтініш;
  • салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
  • бірлестік мүшелерінің тізімі.

Аккредиттеуге өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Бұдан толығырақ ақпаратты 2-16-56 телефоны арқылы алуға болады.

 

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
Дата публикации
09 марта 2021