Дауларды сотқа дейін медиацияны қолдану арқылы шешу, жұртшылықты ақпараттандыру медиация институтын енгізумен дамуының ерекше маңыздылығы болып табылады.
Ерейментау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабының 1-бөлігі негізінде қозғалған жеке айыптау қылмыстық ісі қаралды (қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту).
Жеке айыптау ісі бойынша сот талқылауы басталғанға дейін тараптарға татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігі түсіндірілген кезде олар кәсіпқой емес медиаторға жүгініп, өзара бітімгершілік медиативтік келісім жасасты және қылмыстық іс өндіріспен тоқтатылды.