Ағымдағы жылдың басынан бері Ерейментау аудандық сотымен мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 2 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік заңнама талаптарының қатаңдығына қарамастан, жүргізушілер осы құқық бұзушылықты жасауды жалғастыруда.
Мысалы, Ерейментау аудандық сотында ағымдағы жылдың 11 ақпанда Б-қа қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қаралды.
Іс материалға сәйкес, өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізілген тұлға Б. 2020 жылдың 24 желтоқсан күні 15 сағат 45 минут шамамен Ақмола облысының, Ерейментау қаласында «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігін мас күйінде басқарып, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережесінің 2 бөлігінің 4 тармағы 2 тармақшасын бұзып, Ерейментау аудандық ПБ-нің ЖПҚ қызметкерлерімен ұсталған.
Сот қаулысымен өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізілген тұлға К. ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша оған он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру әкімшілік жазасы қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.