Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді санкциялау

   Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотында 2021 жыл басынан  жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы 2 тұлғаға қатысты материал қаралды.

Сотта анықталғандай, аталмыш азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, тұрақты тұрғылықты жері болмай, олар қаңғырып жүр.

Сот, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 29-бабын басшылыққа ала отырып, 2 тұлғаға қатысты жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу және қабылдау-тарату орнына 30 тәулікке дейінгі мерзімге уақытша орналастыру туралы ішкі істер органдарының қаулыларын санкциялады.

Дата публикации
08 февраля 2021