Құрметті Ерейментау ауданының тұрғындары!

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ, пандемия кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында,   "2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы" ауыл, ауылдық округ және Ерейментау қаласы әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері а.ж. 25-29 қаңтар аралығында бекітілген кестеге сәйкес онлайн режимде ауылдық округ әкімдерінің әлеуметтік желідегі (facebook, instagram)  парақшасында бекітілген кестеге сәйкес өткізілетін болады.

Халықтан ұсыныстар мен ескертулер жинау үшін барлық деңгейдегі әкімдіктердің ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылады. Онлайн қосылу мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан сұрақтарды жинауға арналған жәшіктерде жазбаша форматта қалдыра алады (ТАӘ, мекенжайын, телефонын, мәселенің мәнін көрсету қажет) немесе онлайн кездесу өткізілген күні түсініктемелерде хабарлама жаза алады.

Құрметті Ерейментау ауданының тұрғындары!
Дата публикации
25 декабря 2020