Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінде 482-бапта жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін жауапкершілік көзделген.

Мысалы, ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Ерейментау аудандық сотында ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік қозғалған тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, аталған азамат жайлауда ішкі істер органдарында тіркелмеген "БМ" үлгісіндегі 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық пен 16 калибрлі 13 дана оқ-дәріні сақтағаны анықталды.

Сот қаулысымен өзіне қатысты әкімшілік іс қозғалған адам ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп танылып, 55 560 (елу бес мың бес жүз алпыс) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде және кейіннен жойылу үшін тіркелмеген аңшылық мылтық тәркіленіп, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Дата публикации
25 января 2021