Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-бөлігіне сай, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұл конституциялық норма өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын ғана емес, егер борышкер сот шешімімен белгіленген өз міндеттемелерін өз еркімен орындамаса, сот шешімінің орындалуына қол жеткізу құқығын да көздейді.
Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болатынын Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-бөлігінде анық көрсетілген.
Әрбір орындалмаған сот актісі бүкіл сот жүйесі жұмысының тиімділігіне қатысты әділеттіліктің салтанат құруына күмән туғызуға ықпал етеді.
Сот актісін және судьяның талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік, қылмыстық жауаптылық көзделген.
Мәселен, Ерейментау аудандық сотымен 2020 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы бойынша сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде төрт әкімшілік құқықбұзушы әкімшілік қамаққа алынса, үшеуіне қатысты әкімшілік айыппұл салынған.
Ерейментау аудандық сот
кеңсесінің бас маманы А.Бегенжов