Ақмола облысы Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы № 2 ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ

Ақмола облысы Ерейментау ауданында

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы

№ 2 ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ

 

          Конкурстың қорытындысын шығару күні: 2026 жылғы 06 қазан

Байқаудың өтетін орны: Ерейментау қаласы, А.Құнанбаев көшесі, 121, 2 қабат, мәжіліс залы.

Жер комиссиясының отырысы Ерейментау ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында онлайн трансляция режимінде аудио -, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеу арқылы өткізілді.

Ерейментау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № а-12/326, 2026 жылғы 11 наурыздағы № а-3/57, 2026 жылғы 14 қыркүйектегі № а-9/238 қаулылары және Ерейментау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 8C-49/3-25, 2026 жылғы 27 наурыздағы № 8C-52/11-26, 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 8C-61/9-26 шешімдері негізінде құрылған, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау тәртібіне сәйкес әрекет етуші келесі құрамдағы конкурстық комиссия:

 

Талгат Бапанович Карибжанов – Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Нургали Ашимович Аубакиров – Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшелері:

Елена Васильевна Олексиенко – Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы;

Алмагуль Кайржановна Битакова – Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы;

Ерганат Болатбекович Кыздарбеков – Ерейментау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

Медеу Ерболович Абжиков– Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты;

Берик Серикбаевич Тулеубеков – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Ерейментау ауданы филиалының директоры;

Тулеутай Казбекович Джилкайдаров – Ерейментау ауданы қоғамдық кеңесінің өкілі;

Жалғас Бауыржанұлы Рахат – «ТОРГАЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, болған жоқ;

Хадыс Япас – «Ырыс-2016» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы;

Канат Сарбасович Муканов – «ДОС» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің өкілі;

Жандос Кенжетайұлы Сәрсенбай – «HARVEST-KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі, болған жоқ;

Нариман Маратович Байрузов – «Жанторе-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

Мерей Бегендыкович Касенов – Ерейментау ауданы Аманат партиясы аумақтық филиалының атқарушы хатшысы;

Кымбат Каировна Темирбаева – «АЭҮК» АҚ Степногор ААЭЖ Ерейментау АЭЖ өкілі;

Дмитрий Николаевич Санитаров – «Қазақтелеком» АҚ Ерейментау ЖТЦ өкілі.

Жарқынгүл Құсман – Сілеті ауылының әкімі, оқуда;

Нурсултан Багланович Капаев - жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген, Сілеті ауылының жергілікті халық өкілі.

 

ҚР Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес жер комиссиясының отырысын өткізу үшін кворум бар.

 

Жер комиссиясының отырысы құқыққа сыйымды болып табылады.

 

Күн тәртібі:

  1. 2026 жылғы 06 қазандағы Ақмола облысының Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына сәйкес (бұдан әрі - конверттерді ашу хаттамасы) барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеу, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексеру, конкурстық ұсыныста көсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалау, салыстыру.

 

  1. Шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 15 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындыларын шығару, жеңімпазды айқындау.
  2. Бірінші мәселе бойынша жер комиссиясының төрағасы Т.Б. Карибжанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 22-тармағына сәйкес – Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделейтінін, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексеретінін, бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалайтынын, салыстыратынын хабарлады.

№ 2 лот бойынша конкурсқа қатысу үшін – Сілеті ауылының әкімшілік шекараларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалпы алаңы 3881,2536 га, соның ішінде 3723,9252 га егістік, 28,4599 га табиғи жайылым, 128,8685 га түбегейлі жақсартылған жайылым жер учаскесі 4 өтінім келіп түсті:

  • «Нұр Ali-2011» ЖШС, Ерейментау ауданы, Күншалған ауылдық округі, Күншалған ауылы, Дружба көшесі, 159 үй;
  • «Ерейментау Агрохолдинг» ЖШС, Ерейментау ауданы, Торғай ауылдық округі, Торғай ауылы, Александр Герман көшесі, 23 үй, 2 пәтер;
  • «Агрофирма NOMAD» ЖШС, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 27 үй, 123 б пәтер;

 

соның ішінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келуіне байланысты конверттерді ашу хаттамасына сәйкес конкурсқа қатысуға 3 өтінім қабылданды:

  • «Нұр Ali-2011» ЖШС, Ерейментау ауданы, Күншалған ауылдық округі, Күншалған ауылы, Дружба көшесі, 159 үй;
  • «Ерейментау Агрохолдинг» ЖШС, Ерейментау ауданы, Торғай ауылдық округі, Торғай ауылы, Александр Герман көшесі, 23 үй, 2 пәтер;
  • «Агрофирма NOMAD» ЖШС, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 27 үй, 123 б пәтер;

 

1 өтінім қабылданбады:

  • «AnErRan» АШӨК, Ерейментау ауданы, Торғай ауылдық округі, Балықты ауылы, Ынтымақ көшесі, 20 үй, 2 пәтер, себебі конкурсқа қатысуға өтінім Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, атап айтқанда өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер жоқ.

 

  1. Екінші мәселе бойынша Ереженің 23 тармағына сәйкес, балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

1) жер учаскесі жалға алынған алғашқы бес жылда 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

суарылмайтын егістікке:

50-ге дейін – 1 балл;

50-ден 70-ке дейін –2 балл;

70-тен 90-ға дейін – 3 балл;

90-нан 110-ға дейін – 4 балл;

110-нан жоғары – 5 балл;

суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):

200-ге дейін – 1 балл;

200-ден 300-ге дейін – 2 балл;

300-ден 400-ге дейін – 3 балл;

400-ден 500-ге дейін – 4 балл;

500-ден жоғары – 5 балл;

жайылымдық және шабындық алқаптарға:

5-ке дейін – 1 балл;

5-тен 10-ға дейін – 2 балл;

10-нан 20-ға дейін – 3 балл;

20-дан 30-ға дейін – 4 балл;

30-дан жоғары – 5 балл;

2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:

50-ден аз ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;

50 және одан да көп бас ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;

300-ден аз ұсақ мал басы – 5 балл;

300 және одан да көп ұсақ мал басы – 10 балл;

3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:

5 бірліктен кем – 5 балл;

5 және одан да көп бірлік – 10 балл;

4) технологиялық жабдықтың болуы:

1 бірлік – 1 балл;

2 және одан да көп бірлік – 3 балл;

5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:

5 білікті маманнан кем – 5 балл;

5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.

 

Бизнес-жоспар бойынша балл беру жолымен өтінімді бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша жер комиссиясы берді:

  • «Нұр Ali-2011» ЖШС - 48 балл (соның ішінде жайылымдық және шабындық алқаптарға инвестициялардың болжамды көлемі үшін 5 балл, суарылмайтын егістікке инвестициялардың болжамды көлемі үшін 5 балл, ірі қара мал, жылқы, түйе болуы – 10 балл, ұсақ мал басы болуы– 10 баллов; ауыл шаруашылығы техникасының болуы – 10 балл, технологиялық жабдықтың болуы – 3 балл, ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы – 5 балл);
  • «Ерейментау Агрохолдинг» ЖШС - 53 балл (соның ішінде жайылымдық және шабындық алқаптарға инвестициялардың болжамды көлемі үшін 5 балл, суарылмайтын егістікке инвестициялардың болжамды көлемі үшін 5 балл, ірі қара мал, жылқы, түйе болуы – 10 балл, ұсақ мал басы болуы– 10 баллов; ауыл шаруашылығы техникасының болуы – 10 балл, технологиялық жабдықтың болуы – 3 балл, ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы – 10 балл);
  • «Агрофирма NOMAD» ЖШС - 14 балл (соның ішінде жайылымдық және шабындық алқаптарға инвестициялардың болжамды көлемі үшін 1 балл, суарылмайтын егістікке инвестициялардың болжамды көлемі үшін 5 балл, технологиялық жабдықтың болуы – 3 балл, ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы – 5 балл);

 

Қағидалардың 24-тармағына сәйкес, ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

 

Комиссия № 2 лот бойынша «Ерейментау Агрохолдинг» ЖШС жеңімпаз деп анықтауға шешім қабылдады.

 

Хаттамамен таныстым және келісемін:

 

Комиссия төрағасы                                                            Карибжанов Т.Б.

 

 

Хаттамамен таныстым және келісемін:

 

Комиссия мүшелері:                                                          Олексиенко Е.В.

 

                                                                                             Битакова А.К.

 

                                                                                             Кыздарбеков Е.Б.

 

                                                                                             Абжиков М.Е.

 

                                                                                             Тулеубеков Б.С.

 

                                                                                             Джилкайдаров Т.К.

 

                                                                                             Рахат Ж.Б.

 

                                                                                             Япас Х.

 

                                                                                             Муканов К.С.

 

                                                                                             Сәрсенбай Ж.К.

 

                                                                                             Байрузов Н.М.

 

                                                                                             Касенов М.Б.

 

                                                                                             Темирбаева К.К.

 

                                                                                             Санитаров Д.Н.

 

                                                                                             Құсман Ж.

 

                                                                                             Капаев Н.Б.

 

Жер комиссиясының хатшысы                                        Аубакиров Н.А.

Ақмола облысы Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы № 2 ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ
Дата публикации
07 октября 2026