№ 16 хаттама
Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының отырыстары
Ерейментау қ. 2026 жылғы 03 шілде
- Т.Б. Карибжанов - Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Комиссия мүшелері:
- Е.В. Олексиенко - Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы;
- А. К. Битакова– Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы;
- Г. И. Жүнісова - Ерейментау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, болған жоқ;
- М.К. Сулейменова– Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты, болған жоқ;
- Б.С. Тулеубеков - Ақмола облысы Кәсіпкерлер Палатасы Ерейментау ауданы филиалының директоры;
- Т.К. Джилкайдаров - Ерейментау ауданының Қоғамдық кеңесінің өкілі;
- Ж.Б. Рахат– "ТОРГАЙ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, онлайн режимде;
- Х. Япас – "Ырыс-2016" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы;
- К.С. Муканов – "ДОС" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің өкілі, онлайн режимде;
- Ж.К. Сәрсенбай – "HARVEST-KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі, онлайн режимде;
- Н.М. Байрузов – "Жанторе-Н" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі, болған жоқ;
- М.Б. Касенов – Ерейментау ауданы Аманат партиясы аумақтық филиалының атқарушы хатшысы, болған жоқ;
- К.К. Темирбаева - "АЭҮК"АҚ Ерейментау Степногорск ЖЭС өкілі, онлайн режимде;
- Д.Н. Санитаров - "Қазақтелеком"АҚ Ерейментау ЛТУ өкілі;
- Н.Ә. Әубәкіров-Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.
КҮН ТӘРТІБІ:
Өткен кезеңде келіп түскен жер учаскелерін беру туралы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша шешім шығару.
Ерейментау ауданы әкімдігінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы жер комиссиясы отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарының жұмысқа қабілеттілігі туралы Жер комиссиясының мүшелеріне баяндады.
Жер комиссиясының хатшысы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес отырысқа қатысатын жер комиссиясы мүшелерінің саны және жер комиссиясы отырысының заңдылығы туралы хабарлады, Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі ұсынған өткен кезеңде келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің тізімін жариялады. ҚР Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес Жер комиссиясының отырысын өткізуге арналған кворум бар.
Ұсынылған құжаттарды қарап, жер комиссиясы
Қорытындылады:
Еркіншілік ауылдық округі
- Атлас Жапаковна Мартынова– Еркіншілік ауылы, Достык көшесі, 35 үй мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,0293 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы (23.06.2026) – өтеусіз негізде беруге бірауыздан шешім қабылдауға қарсы емес, жерге орналастыру жобасын жасау кезінде әкіммен және барлық мүдделі тұлғалармен және жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын шектес жер учаскелерінің меншік иелерімен (жер пайдаланушыларымен) келісу жүргіссін
- Ербол Аскарович Смагулов – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы, Желтоқсан көшесі, 2 және 13 үйлер арасында орналасқан жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,1524 га жер учаскесіне 25 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы; (29.06.2026) – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 19, 44, 109-баптарына сәйкес, Сіз Ерейментау ауданының әкімдігіне өтініш бергеніңізді ескере отырып, ал Еркіншілік ауылында жер учаскелерін беру Еркіншілік ауылдық округі әкімінің құзыретіне жатады сондай-ақ Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 7С-23/2-22 шешімімен бекітілген Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылының даму және құрылыс салу схемасына сәйкес сұралып отырған жер учаскесінде тұрғын үй құрылысы аймағы көзделгендіктен, және Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн олардың өтiнiштерiн арнайы есепке қоймай беруге тыйым салынуына байланысты бірауыздан шешіммен бас тартылды
- Саида Салаватовна Тукенова – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы, Ынтымақ көшесі, 14А мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,2500 га жер учаскесіне уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы; (30.06.2026) – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44, 109-баптарына сәйкес, Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 7С-23/2-22 шешімімен бекітілген Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылының даму және құрылыс салу схемасына сәйкес сұралып отырған жер учаскесінде тұрғын үй құрылысы аймағы көзделгендіктен, және Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн олардың өтiнiштерiн арнайы есепке қоймай беруге тыйым салынуына байланысты бірауыздан шешіммен бас тартылды
Майлан ауылы
- Мирлан Барпиев – Майлан ауылы мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,25 га жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы; (23.06.2026) – Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-12/5-23 шешімімен бекітілген Ақмола облысы Ерейментау ауданы Майлан ауылының Кеңөткел көшесін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес сұралып отырған жер учаскесінде зираттан санитарлық қорғау аймағы көзделгендіктен бірауыздан шешіммен бас тартылды
- Илья Иванович Инкин – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Майлан ауылы, Селетинская көшесі, 66 үй мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,25 га жер учаскесіне уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы; (23.06.2026) – Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 6С-21/2-18 шешімімен бекітілген, сұралып отырған жер учаскесінде Новомарковка (Майлан) ауылын дамыту және салу схемасына сәйкес жеке және екі қабатты тұрғын үйлер аймағы көзделгендіктен, және де Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнаулы есепке қоймай беруге тыйым салынуына байланысты, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44, 109-баптарына сәйкес, бірауыздан шешіммен бас тартылды
- Илья Иванович Инкин – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Майлан ауылы, Селетинская көшесі, 65 үй мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,25 га жер учаскесіне уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы; (23.06.2026) – Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 6С-21/2-18 шешімімен бекітілген, сұралып отырған жер учаскесінде Новомарковка (Майлан) ауылын дамыту және салу схемасына сәйкес тұрғын үй құрылысында жергілікті маңызы бар көшенің көлденең бейіні көзделгендіктен, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 109-бабына сәйкес, бірауыздан шешіммен бас тартылды
- Илья Иванович Инкин – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Майлан ауылы, Я.Киселев көшесі, 58 үй мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,25 га жер учаскесіне уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы; (23.06.2026) – Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 6С-21/2-18 шешімімен бекітілген, сұралып отырған жер учаскесінде Новомарковка (Майлан) ауылын дамыту және салу схемасына сәйкес жеке және екі қабатты тұрғын үйлер аймағы көзделгендіктен, және де Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнаулы есепке қоймай беруге тыйым салынуына байланысты, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44, 109-баптарына сәйкес, бірауыздан шешіммен бас тартылды
Олжабай батыр атындағы ауылдық округі
- Айгуль Долембаевна Оразекова – Олжабай батыр атындағы ауылы, Желтоқсан көшесі, 14 үй мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,0500 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы; (26.06.2026) – өтеусіз негізде қосымша беруге бірауыздан шешім қабылдауға қарсы емес, жерге орналастыру жобасын жасау кезінде әкіммен және барлық мүдделі тұлғалармен және жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын шектес жер учаскелерінің меншік иелерімен (жер пайдаланушыларымен) келісу жүргіссін
Тайбай ауылдық округі
- Виктория Владимировна Карасова (сенімхат бойынша Алексей Андреевич Карасовтан) – Тайбай ауылы, Х.Ергалиев көшесі, 40 үй, 1 пәтер мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,2385 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы; (29.06.2026) – өтеусіз негізде беруге бірауыздан шешім қабылдауға қарсы емес, жерге орналастыру жобасын жасау кезінде әкіммен және барлық мүдделі тұлғалармен және жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын шектес жер учаскелерінің меншік иелерімен (жер пайдаланушыларымен) келісу жүргіссін
- Мерген Махмутұлы Дүсен – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Тайбай ауылдық округі, 022 квартал, 172 учаске мекен жайында бақшашылық кәсіп үшін ауданы 1,0 га жер учаскесіне 4 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы; (30.06.2026) – Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 ақпандағы № 8С-51/2-26 шешімімен бекітілген Ерейментау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, сұралып отырған жер учаскесі ауылшаруашылық жануарларын бағу бойынша халықтың мұқтаждықтарына арналған Тайбай ауылының жайылым айналымдарының схемасына кіретіндіктен бірауыздан шешіммен бас тартылды
- Ерлан Рымбекович Дюсетаев – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Тайбай ауылдық округі мекен жайында антенна-мачталық құрылымы үшін ауданы 0,0300 га жер учаскесіне 5 жыл мерзімге жалдау құқығын беру туралы; (30.06.2026) – фактілер мен мән-жайларды толық, жан-жақты және объективті зерттеу мақсатында сұрау салынған учаскенің орналасқан жерін айқындай отырып, бірауыздан қайта қарау шешімі қабылданды
Торғай ауылдық округі
- Гани Мухаметбекович Таттибеков – Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Қарағайлы ауылы, Қарағайлы көшесі мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,18 га жер учаскесін беру туралы; (23.06.2026) – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 19, 52-баптарына сәйкес, Сіз Ерейментау ауданының әкімдігіне өтініш бергеніңізді ескере отырып, ал Торғай ауылдық округінде жер учаскелерін беру Торғай ауылдық округі әкімінің құзыретіне жататындықтан, сондай-ақ сұралып отырған жер учаскесінде құқық белгілейтін құжат ұсынылмаған жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқанын назарға ала отырып бірауыздан шешіммен бас тартылды
Астана қаласы
- Айдос Чагидинович Чойбеков – Астана қаласы, Нұра ауданы, Үркер т.м., Ұзақ батыр көшесі, 20 үй қасында ЖТҮҚ үшін ауданы 0,12 га жер учаскесін беру туралы; (29.06.2026) – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16, 17-баптарына сәйкес, Астана қаласында жер учаскелерін беру Ерейментау ауданы әкімінің құзыретіне жатпайтындығына байланысты бірауыздан шешіммен бас тартылды
Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары,
Комиссия төрағасы _____________ Карибжанов Т.Б.
Ерейментау ауданы жер қатынастары,
сәулет және қалақұрылысы
бөлімінің басшысы _____________ Олексиенко Е. В.
Ерейментау ауданы жер қатынастары,
сәулет және қалақұрылысы
бөлімінің мас маманы
Комиссия хатшысы _____________Әубәкіров Н.А.