Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы

Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат

2026 жылғы 28 маусымда сағат 18.00-де Ақмола облысы Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылдық округі  әкімі болуға кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Олжабай батыр ауылдық округі  бойнша 4 ұсынылған кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:

  1. Оразов Ақылбек Қазбекұлы – 1990 жылы туған, «Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Олжабай батыр ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  2. Төлеуов Ерқанат Тлеубайұлы – 1977 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Ерейментау қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  3. Черноусова Алла Сергеевна – 1984 жылы туған, «Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман-бухгалтері, Ерейментау қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы
Дата публикации
29 июня 2026