Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округ әкімін сайлауды тағайындау туралы

Ерейментау ауданы
Олжабай батыр атындағы ауылдық округ

әкімін сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және
8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына,
2  және 4 тармақтарына сәйкес, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округ әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, әкімді сайлау 2026 жылғы 19 шілдеге тағайындалсын.
  2. Әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі
    іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ереймен» газетінде жариялансын.
Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округ әкімін сайлауды тағайындау туралы
Дата публикации
10 июня 2026