№ 6 хаттама
Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының отырыстары
Ерейментау қ. 2026 жылғы 20 наурыз
- Т.Б. Карибжанов - Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Комиссия мүшелері:
- Е.В. Олексиенко - Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы;
- А. К. Битакова– Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы;
- Г. И. Жүнісова - Ерейментау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
- М.К. Сулейменова– Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты;
- Б.С. Тулеубеков - Ақмола облысы Кәсіпкерлер Палатасы Ерейментау ауданы филиалының директоры;
- Т.К. Джилкайдаров - Ерейментау ауданының Қоғамдық кеңесінің өкілі;
- Ж.Б. Рахат– "ТОРГАЙ"жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, болмаған;
- Х. Япас – "Ырыс-2016" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы;
- К.С. Муканов – "ДОС" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің өкілі;
- Ж.К. Сәрсенбай – "HARVEST-KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі, болмаған;
- Н.М. Байрузов – "Жанторе-Н" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі;
- М.Б. Касенов – Ерейментау ауданы Аманат партиясы аумақтық филиалының атқарушы хатшысы, болмаған;
- К.К. Темирбаева - "АЭҮК"АҚ Ерейментау Степногорск ЖЭС өкілі, болмаған;
- Д.Н. Санитаров - "Қазақтелеком"АҚ Ерейментау ЛТУ өкілі;
- Н.Ә. Әубәкіров-Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.
КҮН ТӘРТІБІ:
Өткен кезеңде келіп түскен жер учаскелерін беру туралы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша шешім шығару.
Ерейментау ауданы әкімдігінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы жер комиссиясы отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарының жұмысқа қабілеттілігі туралы Жер комиссиясының мүшелеріне баяндады.
Жер комиссиясының хатшысы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес отырысқа қатысатын жер комиссиясы мүшелерінің саны және жер комиссиясы отырысының заңдылығы туралы хабарлады, Ерейментау ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі ұсынған өткен кезеңде келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің тізімін жариялады. ҚР Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес Жер комиссиясының отырысын өткізуге арналған кворум бар.
Ұсынылған құжаттарды қарап, жер комиссиясы
Қорытындылады:
Майлан ауылы
- Жанар Аманбаевна Бегеева– Майлан ауылы, Каликов көшесі, 55 үй мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,0322 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы; (10.03.2026) – ұсынылған жер учаскесін далалық зерттеу сызбасына сәйкес алаңы 0,0160 га қосымша өтеусіз беруге бірауыздан шешім қабылдауға қарсы емес, жерге орналастыру жобасын жасау кезінде әкіммен және барлық мүдделі тұлғалармен және жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын шектес жер учаскелерінің меншік иелерімен (жер пайдаланушыларымен) келісу жүргіссін
Сілеті ауылы
- «Жайлау 2024» ЖШС (БСН 240940017154) – Сілеті ауылының әкімшілік шекаралары, 032 квартал, 070 учаске мекен жайында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалануға берілген жалпы ауданы 45,4674 га, соның ішінде 20,0 га жайылым, 3,7 га су астында, 0,94 га ғимараттардың астында, 20,8274 га басқа орналасқан (кадастрлық нөмірі: 01-006-032-070) жер учаскесінің нысаналы мақсатын туристік-ойын-сауық кешенін салу мақсатына өзгерту туралы; (12.03.2026) – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстар және (немесе) тіреуіштер салуды қоспағанда, аквашаруашылықпен қоса, ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейтіндіктен, сондай-ақ Меншiк иелерiнің не жер пайдаланушылардың құрылыс салу үшiн (коммуникациялар тартуды, аумақты инженерлiк дайындауды, абаттандыруды, көгалдандыруды және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда), сондай-ақ ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін жер учаскелерiн пайдалануы тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсат немесе сервитут, аумақты аймақтарға бөлу, қызыл сызықтар және құрылыс салуды реттеу сызықтары, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және пайдалану қағидалары сақтала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салулар сақтала отырып жүзеге асырылуы мүмкін екендіктен бірауыздан шешіммен бас тартылды
- Маржан Түрдалықызы Срайылова– Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Сілеті ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,2 га жер учаскесіне уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы; (15.03.2026) – Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-12/6-23 шешімімен бекітілген Сілеті ауылын дамыту және салу схемасына сәйкес сұралып отырған жер учаскесінде резервтік мақсаттағы аумақ көзделгендіктен бірауыздан шешіммен бас тартылды
Тайбай ауылдық округі
- Ерғали Мұхантай– Тайбай ауылы, К.Кенжетаев көшесі, 39/2 мекен жайында мал шаруашылығы базасын пайдалану және қызмет көрсету үшін ауданы 0,6927 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы; (13.03.2026) – ұсынылған жер учаскесін далалық зерттеу сызбасына сәйкес алаңы 0,1485 га өтеулі негізде беруге бірауыздан шешім қабылдауға қарсы емес, жерге орналастыру жобасын жасау кезінде әкіммен және барлық мүдделі тұлғалармен және жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын шектес жер учаскелерінің меншік иелерімен (жер пайдаланушыларымен) келісу жүргіссін
Торғай ауылдық округі
- Тыныштык Балыкбаева– Торғай ауылы, Юрий Гагарин көшесі, 13 мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,1932 га жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы; (13.03.2026) – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына сәйкес, Торғай ауылында жер учаскелерін беру Торғай ауылдық округі әкімінің құзыретіне жатады, сондай-ақ сұралып отырған жер учаскесі «ТОРҒАЙ» ЖШС «Қалмақ тұқымды асыл тұқымды ІҚМ репродукторын құру» инвестициялық жобасының аумағына енгізілгендіктен және Ақмола облысы Ерейментау ауданы Торғай ауылында 30 тұрғын үй салуға Ақмола облысы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің қорытындысымен келісілгендіктен, бірауыздан шешіммен бас тартылды
Өлеңті ауылдық округі
- Әйгерім Ғалымқызы Сүлейменова– Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылдық округі, Өлеңті ауылы, Бөгенбай қыстауы, 7 учаске мекен жайында жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,25 га жер учаскесіне уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы; (05.03.2026) – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 102-бабына сәйкес егістік телімі ретінде 3 жыл мерзімге беруге бірауыздан шешім қабылдауға қарсы емес, жерге орналастыру жобасын жасау кезінде әкіммен және барлық мүдделі тұлғалармен және жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын шектес жер учаскелерінің меншік иелерімен (жер пайдаланушыларымен) келісу жүргіссін
Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары,
Комиссия төрағасы _____________ Карибжанов Т.Б.
Комиссия мүшелері:
Ерейментау ауданы жер қатынастары,
сәулет және қалақұрылысы
бөлімінің басшысы _____________ Олексиенко Е. В.
Ерейментау ауданы жер қатынастары,
сәулет және қалақұрылысы
бөлімінің мас маманы _____________Битакова А. К.
Ерейментау ауданының кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы ______________ Жүнісова Г. И.
Ерейментау аудандық мәслихатының депутаты ______________ Сулейменова М.К.
Ақмола облысының Кәсіпкерлер Палатасы
Ерейментау ауданы филиалының директоры ______________Тулеубеков Б.С.
Ерейментау ауданында
Қоғамдық кеңестің өкілі ______________Джилкайдаров Т.К.
"ТОРГАЙ"
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры _ болған жоқ _ Рахат Ж.Б.
"Ырыс-2016"
ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы _____________Япас Х.
"ДОС"
ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің өкілі _____________ Муканов К.С.
"HARVEST-KZ"
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі _ болған жоқ _ Сәрсенбай Ж.К.
"Жанторе-Н"
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі _____________Байрузов Н.М.
Ерейментауауданы
Аманат партиясы аумақтық
филиалының атқарушы хатшысы _ болған жоқ _ Касенов М.Б.
Степногорск ЖЭС "АЭҮК " АҚ"
Ерейментау АЭЖ өкілі _ болған жоқ _ Темирбаева К.К.
"Қазақтелеком " АҚ"
Ерейментау ЛТУ өкілі _____________ Санитаров Д.Н.
Ерейментау ауданы жер қатынастары,
сәулет және қалақұрылысы
бөлімінің мас маманы
Комиссия хатшысы _____________Әубәкіров Н.А.