Ерейментау ауданы Ақсуат ауылының әкіміне кандидатты тіркеудің күшін жою туралы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 55/106 ШЕШІМІ
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 113-5-бабының 11-тармағына сәйкес және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ерейментау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2026 жылғы 1 маусымдағы №02-566 хаты негізінде, онда 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Ақсуат ауылының әкіміне кандидат – Мажкенов Е.М. ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілген мәліметтердің шынайы еместігі фактісі анықталғаны туралы хабарланған, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: