Ерейментау ауданы Ақсуат ауылының әкімін сайлауды тағайындау туралы

Ерейментау ауданы
Ақсуат ауылының әкімін сайлауды тағайындау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және
8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына,
2  және 4 тармақтарына сәйкес, Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ерейментау ауданы Ақсуат ауылы әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, әкімді сайлау 2026 жылғы
    14 маусымға тағайындалсын.
  2. Әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі
    іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ереймен» газетінде жариялансын.

.

Аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

төрайымы                                                                                    З. Жүсіпова

 

Аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                              Г. Мамбеталина

 

 

Ерейментау ауданы Ақсуат ауылының әкімін сайлауды тағайындау туралы
Дата публикации
06 мая 2026