GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
03 июля 2025
Өлеңті ауылдық округі жерлерінің аумағынан «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің 67, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабындағы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен ұсынылған өтініш пен материалдарды қарап:

  1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Тайбай ауылы жерлерінің аумағында талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу және телефон желісін пайдалану үшін аумағы 0,0091 га жер учаскесіне 10 жыл мерзімге жер учаскесін тартып алусыз қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы:
    • талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон желісін (ТОБЖ) төсеу және пайдалану үшін жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
    • жұмыс аяқталғаннан кейiн бұзылған жер учаскелерiн мақсаты бойынша одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiруге мiндеттi.
  1. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
09 июня 2025
2025 жылғы 13 шілде күні Ерейментау ауданы Өлеңті ауылдық округінің әкімінің сайлауы өтеді
15 мая 2025
2025 жылғы 13 мамырда сағат 11:00-де әкімдік ғимаратында "Ауыл Аманаты" шағын несиелеу бағдарламасы бойынша секциялық (кустовое) жиын өтті.
Регулярлы кездесулер халықпен 2025 жыл
14 мая 2025
2025 жылғы 30 сәуір күні ауылдық клуб ғимаратында Өлеңті ауылдық округінің әкімі Мұстафин А.Ж. және Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Н.З. тұрғындармен кездесу өткізді

2025 жылғы 30 сәуір күні ауылдық клуб ғимаратында Өлеңті ауылдық округінің әкімі Мұстафин А.Ж. және Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Н.З. тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы: «2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары».

Көгалдандыру және абаттандыру
14 мая 2025
Өлеңті ауылдық округінде Республикалық сенбілік өтті
Регулярлы кездесулер халықпен 2025 жыл
14 мая 2025
2025 жылғы 02 сәуірде РЭП ғимаратында Өлеңті ауылдық округінің әкімі А.Ж. Мұстафинаның

2025 жылғы 02 сәуірде РЭП ғимаратында Өлеңті ауылдық округінің әкімі А.Ж. Мұстафинаның "Өлеңті ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2024 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша және 2025 жылға арналған міндеттер туралы" Қоржынкөл станциясының тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.

Регулярлы кездесулер халықпен 2025 жыл
14 мая 2025
2025 жылдың 1 сәуірінде РЭП ғимаратында Уленти ауылдық округінің әкімі Мұстафина А.Ж. мен Уленты станциясының

2025 жылдың 1 сәуірінде РЭП ғимаратында Уленти ауылдық округінің әкімі Мұстафина А.Ж. мен Уленты станциясының тұрғындары арасында «2024 жылдың 4-ші тоқсаны бойынша Уленти ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2025 жылға арналған міндеттер» тақырыбында есептік кездесу өтті.

Регулярлы кездесулер халықпен 2025 жыл
14 мая 2025
2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары
Құрметті Өлеңті ауылдық округінің тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің 03.03.2022 №826 Жарлығын іске асыру мақсатында және бекітілген кестеге сәйкес, 2025 жылғы 30 сәуір күні сағат 12:00-де ауылдық клуб ғимаратында Өлеңті ауылдық округінің әкімі Мұстафин А.Ж. және Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Н.З. тұрғындармен кездесу өткізеді. Кездесу тақырыбы: «2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары». Сонымен қатар аудан әкімімен жеке қабылдау ұйымдастырылады.
17 июля 2024
2024 жылғы 11 шілде күні Өлеңті ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық науқаны бойынша тазалық жұмыстары жүргізілді.
28 февраля 2024
78 жылдан кейін

Соғыстың аяқталғанына 78 жыл өтсе де жерлестеріміздің сүйектері әлі де табылуда. Осылайша көп жылдар бойы хабарсыз кеткен Әубәкіров Қайыргелді туралы хабар, ұрпақтарына Смоленск облысы, Духовщинский ауданынан 2022 жылдың 1 мамыр күні ғана келді. Жаппай бейітте қаза тапқан 5 жауынгердің сүйектері табылды. Арасында біздің де жерлесіміздің мәйіті №139197 «Қызыл жұлдыз» ордені, «Тамаша мерген» белгісі және медальон арқылы анықталды. Ақмола облысы, Еркіншілік ауданы, №8 ауылда туған Қайыргелді Әубәкіров Омск облысы, Марьяновский ауданынан соғысқа шақыртылып, 1943 жылдың 19 қыркүйегінде ерлікпен қаза тапты. Тағдыр тосқауларына қарамастан, күдер үзбей, тым болмаса атасы туралы бір жапырақ хат күтуден жалықпаған ұрпақтары Шахаевтар, Алтынториндар мен Жиеналиндар әулеті, хабар келген сәттен бірден туған жерінің топырағын алып, Мәскеуге аттанды. Соғыс ешкімді аямады, сол жылдары үнсіз кетке және де әлі күнге дейін табылмаған жауынгерлер әлі көп. Ал туған жерінің топырағын аңсаған, абыроймен жерленген батыр атамыздың жаны енді жай тапты деп үміттенеміз. Ерлігіңіз мәңгі есімізде!!!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы