Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Өлеңті ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ -і келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру (бірінші кезең, екінші кезең);
Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (бірінші кезең, екінші кезең);
Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
Жер учаскесін алуға кезекке қою;
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Өлеңті ауылдық округі әкімдігінде тұрғындар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы E-gov порталы жұмыс істейді, онда ХҚКО-ға бармай-ақ, мобильді азаматтар базасына тіркелуге, ЭЦҚ кілтін шығаруға, тұрғылықты жері бойынша тіркелуге, медициналық ұйымға тіркелуге, қажетті анықтамалар алуға және т.б. болады.