Торғай ауылдық округі бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Торғай ауылдық округінде 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі осы жоспар (бұдан әрі - жоспар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелген), «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.