Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуміттік көмек

Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) кiмге көрсетiледi?

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрiнде тағайындалады.

Сөзсiз ақшалай көмек келесi тұлғаларға көрсетiледi:

1) келесi себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатысуға мүмкiндiктерi шектеулi жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға:

- зейнеткерлiк жасқа жетуiне орай;

- 1 және 2-топтағы мүгедек болып табылса; -екi айдан астам мерзiмге уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн ауруы бар болса.

2) барлық еңбекке қабiлеттi мүшелерi 1 немесе 2-топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екi айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн аурулары бар және (немесе) жетi жасқа дейiнгi балаға, мүгедек-балаға, 1 немесе 2-топтағы мүгедекке, қарт адамға күтiмдi жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға. Ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi. Көмектi алуға құқық тоқсан сайын келесi мәлiметтердi ұсыну арқылы расталады:

- отбасы мүшелерiнiң алған табыстары туралы;

- отбасы құрамы туралы.

Негiзделген ақшалай көмек — жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабiлеттi адамдарға, оған қоса жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтiк бейiмдеу шараларына қатысу шартымен құрамында еңбекке қабiлеттi мүшесi (мүшелерi) бар аз қамтылған отбасыларға көрсетiледi. 6 айға ұзарту мүмкiндiгiмен тағы 6 айға дейiн тағайындалады. Тағайындаудың мiндеттi шарты болып:

- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және (немесе) бейiмдеу бағдарламаларында қатысу бойынша тараптардың мiндеттемелерi көрсетiлетiн әлеуметтiк келiсiмшарт жасасу;

- аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабiлеттi мүшелердiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына қатысуы.

Аз қамтылған отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде оқу шығыстарын төлеу, әлеуметтiк еңбек орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау, оқу орындары түлектерiне арналған жастар тәжiрибесiн төлеу немесе жеңiлдiк шарттар қарастырылған микрокредит түрiнде мемлекеттiк қолдау ала алады.

Келесi санаттарға шартты ақшалай көмектi төлеу үшiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мiндеттi болып табылмайды:

1) 1 және 2-топтағы мүгедектерге;

2) күндiзгi нысанда оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттарға және магистранттарға;

3) Екi айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн аурулары бар адамдарға;

4) жетi жасқа дейiнгi балаларға, мүгедек-балаға, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, күтiмге және көмекке зару 80 жастан асқан қарттарға күтiмдi жүзеге асыратын адамдарға;

5) тұрақты жұмысы бар адамдарға.

Атаулы әлеуметтiк көмек алу үшiн қайда өтiнiш бiлдiруге болады?

Атаулы әлеуметтiк көмек туралы ақпаратты алу үшiн адам тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жүгiнедi

Келiссөз барысында үмiткер өз атынан немесе отбасы атынан өтiнiшпен жүгiнедi. Өтiнiшке келесi құжаттар тиесiлi:

1) әр отбасы мүшесiнiң жеке куәлiгi;

2) жеке қосалқы шаруашылығының бар болуы туралы мәлiмет ;

3) банк шотының нөмерi туралы мәлiмет;

4) баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болу) туралы куәлiгi (2017 жылғы 13 тамызға дейiнгi тiркеулер бойынша);

5)өтiнiш берушi мәлiметтерiнiң бала туу туралы куәлiгiндегi мәлiметтермен қайшылығы болған кезде неке жасасуды (некенi бұзуды) тiркеу туралы куәлiк (2008 жылғы 1 маусымға дейiнгi тiркеулер бойынша).

Еңбекке жарамды отбасы мүшелерi үшiн, қосымша тиесiлi:

1)жұмыс iздеп жүрген тұлға ретiнде тiркеуге өтiнiш;

2)еңбек қайраткерлiгiн растайтын құжат (бар болған жағдайда); 3)бiлiмi, квалификациясы, арнаулы бiлiмiнiң бар болуы немесе кәсiби дайындығы (бар болған жағдайда) жайлы құжат. 16 жасқа толмаған тұлғаның атынан ата анасының немесе заңды өкiлдерiнiң бiреуiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыруға келiсiмi туралы еркiн түрдегi жазбаша арызы ұсынылады.

Тұрғын үй көмегi кiмге көрсетiледi?

Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;

4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi

Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн Мемлекеттiк корпорацияға және/немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды қоса ұсынады:

1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн түпнұсқасы берiледi);

2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды;

3) өтiнiш берушiнiң тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алынатын мәлiметтердi қоспағанда);

4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алынатын мәлiметтердi қоспағанда);

5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алынатын мәлiметтердi қоспағанда);

6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретiнде тiркелуi туралы анықтама;

7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәлiметтер;

8) банктiк шоты;

9) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоттар;

10) коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;

11) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;

12) жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.

Тұрғын үй көмегiн төлеу

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн төлеудi уәкiлеттi орган жергiлiктi өкiлдi органдар айқындаған тәртiппен екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы