Статистикалық деректер бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша округтің үй шаруашылықтары мен шаруа-фермер қожалықтарындағы ІҚМ басының жалпы саны-5418 басты құрайды, оның ішінде сиыр саны-2326 бас. Жылқы саны-2305 басты құрады, құстар – 3636 бас. Қой мен ешкі саны-9760 басты құрады.
Торғай ауылдық округінің аумағында мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын 17 заңды тұлға және 19 шаруа-фермер қожалығы орналасқан.