Мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет жөніндегі есептердің ашық талқылауын өткізу туралы

 

Мемлекеттiк   қызмет  көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет жөніндегі есептердің ашық талқылауын өткізу туралы

                          

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес, «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет жөнiндегi есептердiң ашық талқылауын өткiзу туралы» Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 03 ақпандағы № a-2/22 қаулысына сәйкес:

  1. Ерейментау ауданы Сілеті ауылы бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет жөнiндегi есептердiн ашық талқылауын өткізу туралы iс-шаралар ұйымдастырылсын:

1) 2026 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде ресми интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралык ақпарат құралдарында мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi 2025 жылғы туралы есеп орналастырылсын.

2) 2026 жылғы 30 наурызға дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет туралы есептердiң ашық талқылауын өткізсін.

3) 2025 жылғы 8 сәуiрге дейiнгi мерзiмде ресми интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылғы қызмет туралы есептердiң ашық талқылауын өткiзу нәтижелері бойынша қорытындыларды орналастырсын.

  1. Осы өкiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
  2. Осы өкім қол қойылған күнен бастап күшіне енеді.

 

 

Ж. Құсман

Дата публикации
27 февраля 2026