Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Бұқаралық спортты халық арасында насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады.
Салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде ауылда тұрақты негізде түрлі дәрежедегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.
Жыл сайын "Наурыз мейрамына" арналған ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Волейболдан "Ауыл әкімінің кубогы" жарысы өткізілді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары арасында спорттық-бұқаралық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Жыл сайын біздің спортшылар ауданда, облыста өтетін келесі спартакиадаларға белсенді қатысып, жүлделі орыдарға ие болуда: мүмкіндігі шектеулі жандар арасында "Надежда" аудандық спартакиадасы, ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша "Құлагер" аудандық спартакиадасы, "Ақ бидай" аудандық жазғы спартакиадасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында "Бірлік" аудандық, облыстық спартакиадасы.