Елдегі ауыл шаруашылығын дамыту-мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Ауыл шаруашылығы, атап айтқанда мал шаруашылығы-біздің ауылдың дамып келе жатқан салаларының бірі.
Статистикалық деректер бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың үй шаруашылықтары, мал шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен шаруа-фермер қожалықтарындағы мал басының жалпы саны:
Жылқы-5952 бас,
ІҚМ-2128 бас,
Ұсақ мал - 1576 бас,
құстар – 801.
Сілеті ауылының аумағында мал шаруашылығы саласында 10 заңды тұлға, 58 шаруа-фермер қожалығы және жеке кәсіпкерлер қызметін жүзеге асыруда.