2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің тұрақты кездесуі барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы өкім (№14 от 24.04.2026 г.)

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің тұрақты кездесуі барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халықпен кездесулер өткізу туралы» 2022 жылғы          03 наурыздағы № 826  Жарлығына сәйкес, Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің халықпен өткізген тұрақты беру кездесулерінің қорытындылары туралы тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында:

  1. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің тұрақты кездесуі барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы өкімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Жұмаканова Роза Төлеубайқызы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне қарай кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты әкімдіктің ресми интернет-ресурстарда орналастырсын.
  3. Осы өкім орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

                                                                                                           А.Оразов

 

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің тұрақты кездесуі барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы өкім (№14 от 24.04.2026 г.)
Дата публикации
04 мая 2026