Ерейментау ауданы әкімі Н.З. Мұқатовтың
және Олжабай батыр ауылдық округ әкімі А.К.Оразовтың ауылдық округ тұрғындарымен тұрақты кездесуінің
Х А Т Т А М А С Ы
Олжабай батыр ауылы 14 сәуір 2026 жыл
Өткізілген орны: Олжабай батыр ауылының клубы
Кездесуге қатысқандар саны: 56 адам
Өткізілген уақыты: сағат 14:00
Жиын төрағасы: Ерейментау ауданының әкімі Н.З.Мұқатов
Хатшысы: ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы Жумаканова Р.Т.
Кездесуге қатысқан азаматтар
Әбжіков Медеу Ерболұлы- Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы
Абжиков Алим Ержанұлы - Ерейментау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі
Жанатов Мерей Жанатұлы– Ерейментау аудандық ветеринарлық станциясын
менеджері
Альмагамбетов Даурен Еламанұлы-учаскелік полиция инспекторы
Жипенов Бахтияр Канатұлы-баспасөз
Күн тәртібінде:
Тыңдалды: Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімі А.К.Оразовтың «Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 1 тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және екінші тоқсанға арналған міндеттер туралы» есебін баяндады
Тыңдалды: Ерейментау ауданы әкімі Н.З.Мұқатовтын «Ерейментау ауданы 2026 жылғы 1 тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және екінші тоқсанға арналған міндеттер туралы» есебін баяндады.
Сөз сөйлегендер:
Сұрақ: Олжабай ауылы мен Еркіншілік ауылы арасындағы автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жоспарланған ба?
Аталған мәселе бойынша аудан әкімі Н.З.Мұқатов толық түсіндірме берді: Қазіргі таңда бұл облыстық маңызы бар жолды жөндеуге қаржы қарастырылмаған. Мемлекеттік сатып алу арқылы жолды күтіп ұстау бойынша мердігер анықталған жағдайда, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Осы сұрақ сол жерде шешілді.
Жиынын шешімі:
Олжабай батыр атындағы
ауылдық округ әкімі А.Оразов
Хатшы Р.Жумаканова