Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет жөніндегі есептердің ашық талқылауын өткізу туралы (өкім №4 от 4 ақпан 2026 жыл)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Ақмола облысы Ерейментау ауданы  әкімдігінің 2026 жылғы 03 ақпандағы № а-2/22 «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет жөніндегі есептердің ашық талқылауын өткізу туралы» қаулысы негізінде және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету мақсатында:

  1. «Майлан ауылы әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет жөніндегі есептердің ашық талқылауын өткізу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылсын.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсететін «Майлан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне:

        1) 2026 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылғы қызмет туралы есепті орналастырсын;

       2) 2026 жылғы 30 наурызға дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет туралы есептердің ашық талқылауын өткізсін;

       3) 2026 жылғы 8 сәуірге дейінгі мерзімде ресми интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылғы қызмет туралы есептердің ашық талқылауын өткізу нәтижелері бойынша қорытындылары орналастырсын.

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2025 жылғы қызмет жөніндегі есептердің ашық талқылауын өткізу туралы
Дата публикации
06 февраля 2026