Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің 67, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабындағы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен ұсынылған өтініш пен материалдарды қарап:
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Ерейментау ауданы Майлан ауылының аумағында жалпы ауданы 0,0085 га жер учаскесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) және телефон кәрізін салу және пайдалану үшін 10 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы магистральдық жылу трассасын жобалау және салу үшін жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
- Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.