GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Әкім аппараты
Все материалы
Әлеуметтік қорғау
06 октября 2026
Қойтас ауылдық округі әкімі Ахметов И.К. Қойтас ауылы тұрғындарымен есептік кездесуі

2026 жылдың 05 қазанда  сағат 12.00-де «Мал Аман» ШЖҚ КМК  ғимаратында округ әкімінің  Қойтас ауылының тұрғындарымен «2026 жылға арналған мақсаттар мен 9 айдың қорытындысы туралы»  есеп беру кездесуі өтті.

Әлеуметтік қорғау
02 октября 2026
Қойтас ауылдық округінің тұрғындарымен Ерейментау ауданыны мен ауылдық округінің әкімдерінің есептік кездесуі

Құрметті Қойтас ауылдық округінің тұрғындары!

            Бекітілген кестеге сәйкес 2022 жылғы 03 наурыздағы № 826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің ​ Жарлығын іске асыру мақсатында:

             21  қазанда  сағат 11:00-де Ажы ауылының  клубында Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мукатов және Қойтас ауылдық округінің әкімі И.К.Ахметов  2026 жылдың        9 айының қорытындысы туралы есептік кездесу өткізеді. Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдайды.
          Әкімдікте тұрғындардың ұсыныстары, ескертпелері мен пікірлерін қабылдау үшін арнайы жәшік орнатылған.

04 августа 2026
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ӨРТ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ КЕЗЕҢ

Құрметті тұрғындар!

Өрт қаупінің жоғары болуына байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Өрттің алдын алу үшін:

орманда, далада және құрғақ шөптің жанында от жақпаңыз;

қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеңіз;

сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңкені тастамаңыз;

балаларды от көздерінің жанында қараусыз қалдырмаңыз;

пештер мен электр құралдарын пайдалану ережелерін сақтаңыз.

Өртті байқасаңыз:

дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз;

айналаңыздағы адамдарды ескертіңіз;

өз өміріңізді қауіпке тікпеңіз;

қажет болған жағдайда қарттарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті. Табиғатты және адамдардың өмірін бірге қорғайық!

04 августа 2026
Шілде айының құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Жоспарды орындау нәтижелері туралы ақпарат

Ерейментау ауданының құқық бұзушылықтардың алдын алу жоспарына сәйкес "Айқын нәтиже" жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық округ аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.

10 июля 2026
Болатын жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтініш беру
03 июля 2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындармен көтерілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халықпен өткен тұрақты кездесулер барысында Қойтас  ауылдық округі әкімі тарапынан тұрғындармен көтерілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында,Қойтас ауылдық  округ аумағында санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендердің көркін жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді.Есепті кезеңде ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Тұрғындардың қатысуымен бірнеше рет сенбіліктер ұйымдастырылып, мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары белсенді атсалысты. Балалар ойын алаңдары мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайы бақылауда ұсталып, қажетті жөндеу және тазалау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта ауылдық округтің санитарлық тазалығын сақтау, көгалдандыру көлемін ұлғайту, абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Көктемгі айлық бойынша аталған мәселе толықтай шешімін тапты.

 

 

03 июня 2026
🎈 1 маусым – Балаларды қорғау күні!

 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай округта мектеп алаңында мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында балалар үшін қызықты спорттық сайыстар мен көңілді ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балғындар өз өнерлері мен ептіліктерін көрсетіп, мерекені ерекше әсермен өткізді. Ата-аналардың демеушілігімен сыйлықтар, түскі ас берілді.

Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Барша бүлдіршіндерге шаттыққа толы балалық шақ, мықты денсаулық және бақытты өмір тілейміз!

04 мая 2026
ҚҰҚЫҚ КАБИНЕТІ
22 апреля 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округінің  тұрғындары!

 

Ақмола облысының Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округі азаматтардың  құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында  халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық  актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.

«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті»  жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.

«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.

       Құрметті азаматтар Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округі құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Ажы ауылы Зейін Шашкин көшесі 4 мекенжайы бойынша сағаи 9.00 ден 18.30-ға дейін көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.

Әлеуметтік қорғау
17 апреля 2026
Қойтас ауылдық округінің тұрғындарымен Ерейментау ауданыны мен ауылдық округінің әкімдерінің есептік кездесуі

Құрметті Қойтас ауылдық округінің тұрғындары!

            Бекітілген кестеге сәйкес 2022 жылғы 03 наурыздағы № 826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің ​ Жарлығын іске асыру мақсатында:

             22 сәуірде сағат 11:00-де Ажы ауылының клубында Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мукатов және Қойтас ауылдық округінің әкімі И.К.Ахметов 2025 жылғы қорытындылар мен 2026 жылға арналған жоспарлар туралы есептік кездесу өткізеді. Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдайды.
          Әкімдікте тұрғындардың ұсыныстары, ескертпелері мен пікірлерін қабылдау үшін арнайы жәшік орнатылған.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы