ҚОЙТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Ахметов Имаш Кабидоллашұлы «2025 жылға арналған мақсаттар мен 9 айдың қорытындысы туралы» есебі
ҚҰРМЕТТІ ҚОЙТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Сіздерге округтің «2025 жылға арналған мақсаттар мен 9 айдың қорытындысы туралы» баяндама жасауға рұқсат етіңіздер.
Қойтас ауылдық округінің құрамына 2 елді мекен Ажы және Қойтас ауылы және бірнеше мал жайылым учаскелері кіреді. Халқының саны – 358 адам. Оның еңбекке қабілеттісі – 218 адам.
Шағын бизнес пен ауыл шаруашылығының дамуы
Қойтас ауылдық округі жер аумағы бойынша ең үлкен ауылдық округ аймақтарының бірі. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер алаңы 184 459,5 гектарды құрайды. Ауылдық округ жерлерінен Өлеңті өзені ағады, ал өзен маңайындағы кең алқапты шұрайлы жайылым мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы.
Округімізде 21 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 жаңадан ашылған ауылшаруашылық өндірістік кооперативі (ол «Sapa Group-G» мен «TasTemir_S»), 32 шаруа қожалығы, 6 жеке кәсіпкер тіркелген. 2 «Шағын дүкен» жұмыс істеп тұр және 1 жеке кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығының негізгі даму бағыты жем-шөп дайындау, мал өсіру.
Биылғы жылғы санақ бойынша округта 6770 бас ірі қара мал,соның ішінде сиыр- 2886 бас, 5818 бас қой-ешкі, 6098 бас жылқы, 1058 бас құс бар.
Үкіметтің мал басын қауіпсіз әрі сапалы дәрежеге жеткізу, сондай-ақ мал дәрігерлік – профилактикалық жұмысты жандандыру жөніндегі шешімдерін нақты іске асыру мақсатында Округ бойынша төрт түлік малға ветеринарлық тексеріс пен екпе дер кезінде жүргізілуде. Биыл 27000 га ауылшауашылық жайылым округ жеріне қайтарылып, алдағы уақытта конкурс жарияланатын болады.
Ауылдық аймақты дамыту
Ажы және Қойтас ауылының тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Ажы ауылында мектепте және әкімшілік ғимаратында интернет жұмыс істеп тұр. Жалпы округ бойынша АО КСЕЛЛ байланысы жұмыс істеп тұр.
2025 жылы Ауылдық округ бойынша қыс мезгілінде жолды қардан тазалау үшін «Шпекпаев» ЖК-нің басшысымен келісім шартқа отырып, көшелер, жолдар қардан тазартылды. Шығарылғын қардың мөлшері 55 тонна көлемінде.
Көктем мезгілінде Көкшетау қаласында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне «Қаратал-М» ШҚ басшысы Алдибеков Айтмуханбет Мейрамович 1 қара мал ет өнімін апарып өз үлесін қосты. Күз мезгілінде Ерейментау қаласында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Сыздыков Курмангали Нурланович 1 қара мал ет өнімін апарып өз үлесін қосты.
Округта тұрмыстық қатты қалдық полигонын, мал қорымы құжаттары заңдастырылған. Скотомогильниктың сырты қоршалған. Көктем кезінде көшенің ішінде және өткел жақтарда себепсіз өліп жатқан малдарды мал қорымына апарып өртеп жіберілді.
Ағымдағы жылдың наурыз айының 18 жұлдызында жота тау қарларының күрт еруіне байланысты Сарыөзектен аққан суды сағат 15.00-21.00 ге дейін қадағаланып, тұрғын үйлерге су басу қаупті аймаққа бөгет жасалды. 1 погрущик «Аубакиров» ШҚ-ғы және 15 ауыл тұрғыны қаптарға құм толтырылып бөгет жасауға жұмылдырылды.
Қазіргі таңда 18 шақырым аудандық маңызы бар тас жолына Астана Павлодар автобанынан Қойтас ауылына дейін орташа жөндеу (асфальттау) жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болды. Ерейментау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі өтінімді облысқа жіберді.
009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша –1 000 000тг "Шпекбаев" ЖК арқылы 2025 жылғы 12-23 мамыр аралығында Ажы ауылында орналасқан қоқыс аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
013 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша -800 000тг бөлінді, ағымдағы жылдың қыс-көктем мезгілінде 357 000 тг қар тазаланып игерілді, 443 000 тг қалған ақша алдағы күз-қыс айларына жоспарлануда.
008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша -1 100 000тг.
1932-1933 аштық жылдардағы қайтыс болған адамдардың жерлеу орындарын қоршауға – 2 000 000 теңге бөлініп зиратты қоршау жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы 4-13 маусым аралығында "Шпекбаев" ЖК Ажы ауылындағы Қ. Ахметов және З. Шашкин көшелері бойынша кенттік жолдар ішінде жөндеу-шұңқырлау жұмыстарын жүргізді, сондай - ақ ұзындығы 5 км Ажы, Қойтас ауылдары арасындағы жолда жөндеу-шұңқырлау жұмыстарын жүргізді, Өлеңті өзенінің арнасына уақытша өткел орнатып, үш су өткізгіш құбырларын орнатып, құммен жабылды. Жол шұнқырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 1 000 000 тг қаржы бөлініп, игерілді.
2025 жылғы 2-10 шілде аралығында "Шпекбаев" ЖК Ажы ауылына қаңғығын малды қамайтын және ветеринарлық жұмыстар жүргізетін қоршауға (калды с расколом) – 3 000 000 тг.
Ағымдағы жылдың 28-29 тамыз аралығында "Шпекбаев" ЖК Ажы ауылының ортасында орналасқан Сырыөзек су өткізгіш көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ерейментау қаласынан су өткізетін құбыр әкелініп, ауыстырылды, жолдың ені үлкейтілді.
Қойтас ауылдық округі Каз Авто жолға өтініш білдіргеннен кейін автобаннан Ажы ауылы на бұрылысында қаңғыбас малдар, жолға шықпау үшін қақпа орнатылды.
Ағымдағы жылдың 22-23 қыркүйек күндері аралығында «Аубакиров» ШҚ-ның бастауымен автобанан Ажы ауылына дейін 16 шақырым дала жолын автогрейдермен тегістеп, тура жол жасалды. Демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
Әлеуметтік қорғау жүйесі
Ауыл тұрғындарының тұрмыс – тіршілігінің бірден-бір жақсаруы мен сапа көрсеткіштерінің көтерілуіне басты себеп- бұл әлеуметтік сала. Биыл 1 сәби дүниеге келді, неке қиып 1 жас отбасы құрылды. Зейнеткерлер саны 39 адам, 10 адам мүгедек жандар қатарында, 1 ауған соғысының ардагері. Көп балалы аналар – 15, Алтын алқа-7 , Күміс алқа-4 иегерлері бар.
Ағымдағы жылдың 11 ақпан айында Ажы ауылдық клубында «Ақмола жұлдыздары» ауылдық көркемөнерпаздар байқауының концерттік бағдарламасы өтті.
22 Наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік, спорттық іс шаралар мен дастархан жайылды және кешке Рамазан айында ораза тұтқан азамат пен азаматшаларға Ажы ауылдық клубында ауызашар берілді. Демеуші болған азаматарға мың алғыс айтамыз.
2025 жылдың 17 сәуірінен 31 мамырға дейін санитарлық тазалау, абатандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі айлығы басталып жұмыстар жүргізілді.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салалары
Округімізде жалпы білім беретін 1 негізгі мектеп бар. Ажы негізгі мектебінде 55 оқушы оқиды және 12 бүлдіршіндерге арналған шағын орталық жұмыс істейді. Барлығы 13 мұғалім еңбек етеді.
Округімізде 1 фельдшерлік амбулаториялық пункт бар. Уақытында, кестеге сәйкес арнайы профилактикалық тексерулер жүргізіліп тұрады. Айнадан өту, медициналық скринингтік тексеру жоспар бойынша өткізіледі.
2025 жылдың 9 мамыр күні Ажы ауылының футбол алаңының ашылу салтанаты болып, соғыс ардагерлеріне еске алу мақсатында митинг өткізілді. Жастар арасында футбол жарысы өткізіліп, ас берілді.
«Ақ бидай-2025» аудандық спорттық іс шарадан Қойтас ауылдық округі команда бойынша 2 орынды иленді.
Ерейментау ауданының білім бөлімі 9 қыркүйек күні Ажы ауылының негізгі орта мектебіне септикке арналған шүнқыр орнатты.
24 қыркүйек күні Ажы ауылдық клубы мен әкімшілік қасына мүгедек парковкасы орнатылды.
Қоғамдық тәртіп
2025 жылдың 1 жартыжылдығында округымызда заң бұзушылық фактілері, ұлтаралық, дін аралық қақтығыс тіркелген жоқ.
Алдағы уақытқа арналған жоспарлар
Қойтас ауылдық округінің әкімі И. Ахметов