Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 09 қаңтардағы №1 «2025-2027 жылдарға арналған Ерейментау қаласының, ауылдардың және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» аудандық мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 ақпандағы №8С-37/2-25 «Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №8С-35/2-24 «2025-2027 жылдарға арналған Ерейментау қаласының, ауылдардың және ауылдық округтеріннің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қойтас ауылдық округінің бюджеті орындауға қабылдансын, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде:
1) кірістер – 25 690,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-7 148,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;
2
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 18 542,0 мың теңге;
2) шығындар- 34 990,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу-0,0 мың теңге – оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -9 300,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 9 300,0 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
«1.1 Қойтас ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджетінде заңнамада белгіленген тәртіппен 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптастырылған 9 300,0 мың теңге бюджет қаражатының бос қалдықтары пайдаланылатыны ескерілсін».
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қойтас ауылдық округі әкімінің м.а. Г.Ж.Ахметова