Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округінің әкімінің 2025 жылғы 09 қаңтардағы №1 «2025-2027 жылдарға арналған Ерейментау қаласының, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» аудандық мәслихаты шешімін жүзеге асыру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ( 09.01.2025ж. №1)

    

«2025-2027 жылдарға арналған Ерейментау            қаласының, ауылдардың   және     ауылдықокругтерінің бюджеттері туралы» аудандық мәслихатының шешімін жүзеге       асыру        туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1 бабындағы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабындағы 1-тармағының 1) тармақшасына  және  аудаңдық мәслихаттың 2024 жалғы 25 желтоқсандағы № 8С-35/2-24 «2025-2027 жылдарға арналған Ерейментау қаласының,  ауылдардың және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне сәйкес ШЕШТІМ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Қойтас ауылдық округінің бюджеті осы шешімнің 31,32 және тиісінше 33-қосымшаларына сәйкес орындауға оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 25 690,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 148,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 18 542,0 мың теңге;

2) шығындар – 25 690 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін                   пайдалану) – 0,0 мың теңге.

  1. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Ауылдық округі әкімінің аппаратына:

1) бөлінген нысаналы трансферттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

2) осы шешімді жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді уақытында өткізуді қамтамасыз етсін:

3) ай сайын айдың 3-не дейін, келесі есептік ай ішінде, «Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану туралы есепті ұсынсын.

  1. Осы шешім орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

 

Дата публикации
10 сентября 2025