«Қойтас ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»

«Қойтас ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» 

           Қойтас ауылдық округіне 2 елді мекен кіреді: Ажы және Қойтас. Жалпы халық саны 357 адам, оның ішінде 218 еңбекке қабілетті жастағы адам, 39 зейнеткер,               барлық топтағы мүгедектер 10 адам, оның ішінде 1 бала 16 жасқа дейін. Ажы ауылында негізгі орта  мектеп жұмыс істейді, онда 57 бала  оқиды, сондай-ақ мектепте 11 балаға арналған  шағын орталығы жұмыс істейді.

        6 айда ауылдық округ әкімдігінде  E-gov бұрышы арқылы 50 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стенді бар, стендтер уақтылы жаңартылып отырады. Е-лицензиялау бойынша электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеміз, күнделікті бақылау жүргізіледі.

        Қойтас ауылдық округінде 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 2 жаңадан ашылған ауылшаруашылық өндірістік кооперативі (ол «Sapa Group-G»  мен «TasTemir_S»),  32 шаруа қожалығы, 6 жеке кәсіпкер, 18 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат бар. Олардың барлығы өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді, ауылды дамытуға және жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі.

      Ауыл шаруашылығы округтің негізгі саласы болып табылады. Округ бойынша ірі қара мал басы - 6770 бас, ұсақ мал - 5818 бас, жылқы – 6098 басты құрайды. Ауылдың ветеринариялық-санитариялық профилактикалық іс-шаралары республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.  Округ бойынша жалпы жер көлемі  184 459,5 га құрайды.

          Қысқы кезеңде «Шпекбаев» жеке кәсіпкер және «Береке-5» ШҚ техникаларымен ауыл ішіндегі мен кіреберіс жолдарды қардан тазалау жұмыстары атқарылды жәнеде жолдарды ұстауға 500 мың теңге бөлініп игерілді.

         Ауылдық округ тұрғындарымен жыл сайын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі. Абаттандыруға жұмыссыздар арасынан 2 адам жұмысқа қабылданды.  Абаттандыруға 500 мың теңге бөлінді, соған ағымды жөндеу жұмыстары өткізілді, яғни бейсенбі және сенбіліктер,  Стелла мен ағаштарды ақтау, қоршауларды сырлау, баннерлер ауыстырылды, қоғамдық және тұрғын ғимараттарды жөндеу жүргізіледі және жалғастырылады.

009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша –1 000 000тг "Шпекбаев" ЖК арқылы 2025 жылғы 12-23 мамыр  аралығында  Ажы ауылында орналасқан қоқыс аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.  

         Ауылдық округте спорт пен мәдениетті дамытуға үнемі көңіл бөлінеді. Наурыз айында "Наурыз" мерекесіне арналған спорттық іс-шаралар 350 мың теңгеге өткізілді.

013 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша -800 000тг  бөлінді, ағымдағы жылдың қыс-көктем  мезгілінде  357 000 тг  қар тазаланып игерілді,   443  000 тг қалған ақша алдағы  күз-қыс   айларына жоспарлануда.

008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша -1 100 000тг.

1932-1933 аштық жылдардағы қайтыс болған адамдардың  жерлеу орындарын қоршауға – 2 000 000 теңгеге

2025 жылғы 4-13 маусым аралығында "Шпекбаев" ЖК  Ажы ауылындағы Қ. Ахметов және З. Шашкин көшелері бойынша  кенттік жолдар ішінде жөндеу-шұңқырлау жұмыстарын жүргізді, сондай - ақ ұзындығы 5 км Ажы, Қойтас ауылдары арасындағы жолда жөндеу-шұңқырлау жұмыстарын жүргізді, Өлеңті өзенінің арнасына уақытша өткел орнатып, үш су өткізгіш құбырларын  орнатып,  құммен жабылды. Жол шұнқырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 1 000 000 тг қаржы бөлініп,  игерілді.

2025 жылғы 2-10 шілде аралығында "Шпекбаев" ЖК   Ажы ауылына қаңғығын малды  қамайтын және ветеринарлық жұмыстар жүргізетін  қоршауға  (калды с расколом) – 3 000 000 тг.

       2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы есептік кездесуде тұрғындар келесі мәселелерді көтерді:

-Ахмет Жұмабек Рахымбекұлы ауыл тұрғыны: Қойтас а/о атауын Ажы а/о деп өзгертуді сұраймыз, себебі округтегі орталық ауыл Ажы ауылы? Ерейментау ауданының әкімі Н. З. Мұқатов бұл мәселе аудандық мәслихат сессиясында қаралатынын түсіндірді. Мәселе ашық

  • Ахмет Жұмабек Рахымбекұлы ауыл тұрғыны: Павлодар және Ақмола облыстары бойынша шекараларды анықтау? Ағымдағы жылдың 22 шілде күні  Жер қатынастары бөлімі келіп,  шекараны анықтап және тұрғындарға шекараны көрсету бойынша бағаналар орнатылды.  Мәселе шешілді.

- Ахмет Жұмабек Рахымбекұлы ауыл тұрғыны: Павлодар және Ақмола облыстарының шекарасындағы автобан көпірінің (мал айдау) астында су тасқыны маусымында жол жүру мүмкіндігі жоқ?  Жауап: Қойтас ауылдық округінің әкімі И. К. Ахметов осы учаскеге Қазавтожол АҚ комиссиясы шақырылғанын түсіндірді, аталған комиссия учаскені қарап шыққаннан кейін ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін барлық. Мәселе ашық.

- Жұмабеков Нұрсұлтан Советұлы ауыл тұрғын: Өлеңті өзені бойынша Ажы және Қойтас ауылдары арасында көпір салу ?  Қойтас ауылдық округінің әкімі И. К. Ахметов көпір бойынша қазіргі уақытта көпір құрылысы бойынша сметалық есеп дайындалатынын, содан кейін жобалық сметалық құжаттама туралы мәселені қарастыратынымызды түсіндірді . Мәселе ашық

-Сапаров Дәулет Мұратұлы ауыл тұрғыны: Ажы ауылының негізгі отра мектебіне әкелінетін көмірдің сапасыздығы туралы?  Ерейментау ауданының әкімі Н. З. Мұқатов білім бөлімінің басшысына осы мәселені бақылауға алуды тапсырды.  Мәселе ашық

 

                                  Құрметті қатысушылар !

          Жоғарыда аталған баяндаманы қорытындылай келе, 2025 жылға бізде мынадай міндеттер тұрғанын айтқым келеді :

  1. Елді мекендерді абаттандыру және жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.
  2. «Ауыл-ел Бесігі» бағдарламасының жобасы шеңберінде жобаларды бақылау және іске асыру.

       Менің мақсатым - біздің барлық жұмысымызға қойылған міндеттерді орындау.

 

Назар аударғаныңыз үшін рахмет!

Дата публикации
05 сентября 2025