Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес:
И.Ахметов
Қойтас ауылдық округінің
2026 жылғы «29» қыркүйектегі
№ 26 өкімімен бекітілген
Ақмола облысы Ерейментау ауданы « Қойтас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Қойтас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) қызметкерлерінің белгіленген қағидаларды мүлтіксіз сақтауына және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
қызметкерлердің орнықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;
сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарының алдын алу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт:
Мекеме функцияларын жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде Мекеме қызметінде қолданылады;
Мекеменің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты тиісінше орындамағаны үшін Мекеме қызметкерлері дербес жауапты болады.
2-тарау. Мекеме қызметкерлері мен лауазымды адамдарының мінез-құлық қағидалары
2.Қызметкерлер мен лауазымды адамдар өз қызметінде:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін ашуға белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болуға;
адал, әділ, қарапайым болуға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
өз әрекеттері мен мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп болмауға, сын айтқаны үшін қудалауға жол бермеуге, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануға;
әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап етуге және оны қолдауға;
заңнамаға сәйкес келмейтін және Мекеменің мүдделеріне қайшы келетін, біреуге кәсіпкерлік және табыс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған әрекеттерді жасаудан бас тартуға;
жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге;
басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндірмеуге;
өз функциялары мен лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін заңды және жеке тұлғалардан сыйақы, оның ішінде ақшалай қаражат, қызмет, сыйлықтар, тауарлар қабылдамауға;
қызметтік және таратуға жатпайтын өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында пайдаланбауға;
Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңында көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден бас тартпауға;
шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға, негізсіз бюрократияға, сондай-ақ дөрекілік пен біржақтылық танытуға жол бермеуге;
Мекеме құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініш білдірген адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдардың, Мекеме қызметкерлерінің және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін лауазымдық жағдайын пайдаланбауға;
заңдылық қағидатын басшылыққа алуға, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.
функцияларды өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуға;
өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ материалдарды жедел қарағаны немесе созбалаңға салғаны үшін қандай да бір пайда алуға көндіру фактілері туралы басшылыққа дереу баяндауға;
мүліктік пайда, игілік немесе артықшылық алу мақсатында әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды адамдарға сыйлық бермеуге және қызметтік емес қызмет көрсетпеуге;
мүдделер қақтығысы, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке мүдделіліктің туындауы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына және сыйлықтар алуға көндіру фактілері туралы тікелей немесе жоғары тұрған басшыға баяндауға;
жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермеуге, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
орындауға берілген тапсырманың заңдылығына күмән туындаған жағдайда тікелей басшыға дереу жазбаша түрде хабарлауға;
жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық әрекеті туралы басшылыққа дереу баяндауға;
бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерінің көлемін нақты және айқын айқындауға;
мүдделер қақтығысына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жою жөнінде шаралар қабылдауға;
тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған жағдайда жоғары тұрған басшылыққа жүгінуге;
бағыныстағы қызметкерлер арасында еңбек жүктемесінің біркелкі бөлінбеуіне жол бермеуге;
олардың қызмет нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілікті қамтамасыз етуге;
қызметтік жағдайын бағынысты қызметкерлердің қызметіне қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ықпал ету үшін пайдаланбауға.
ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу сатысында заңда белгіленген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз ескеруге;
әзірленетін ішкі нормативтік құжаттардың жобалары нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуін қамтамасыз етуге;
ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын дайындау барысында Мекеменің және өзге де заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге;
ішкі нормативтік құжаттардың жобалары Мекеменің құзыретінен тыс шықпауға;
басқа құрылымдық бөлімшелердің мүдделерін қозғайтын әзірленген ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын тиісті құрылымдық бөлімшелермен талқылау және келісу рәсімінен өткізуге;
ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды пайдаланбауға;
ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде жекелеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесі үшін нормалардың қабылдануына жол бермеуге.
сатып алуға пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;
Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге сатып алу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету;
сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) қатысуына жол бермеу ұсынылады.
өтініштерді қабылдаудан негізсіз бас тартуға, оларды қарау барысында созбалаңға салуға және анық емес мәліметтер ұсыну фактілеріне жол бермеуге;
өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға;
дөрекілікке, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке, әдеп нормаларына қайшы мінез-құлыққа жол бермеуге;
туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге;
анық орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінің шегінен шығатын, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуге;
Мекеме қызметкерлерімен немесе тәуелді жағдайдағы адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;
Іскерлік әдеп кодексін сақтауға;
өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы Мекеме басшылығына және (немесе) құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге;
Мекеме қызметкерлерін қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындауға тартпауға;
азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;
басшылардың тапсырмаларын, Мекеме лауазымды адамдарының өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;
Мекеме қызметкерлерінің жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді жария етпеуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.
Мекеме қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылау «Ерейментау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктеледі. Ақмола облысы Ерейментау ауданы « Қойтас ауылдық округі әкімінің аппараты»