2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қойтас ауылдық округінің әкімімен тұрғындармен өткізілген тұрақты кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 2026 жылғы 29 сәуірдегі №15 өкім негізінде Қойтас ауылдық округі тұрғындарына пошта қызметін көрсету мәселесіне байланысты «Қазпошта» АҚ «Астана поштамты» филиалының ресми жауабы негізінде төмендегіні хабарлаймыз.
Округта штаттық кесте бойынша пошташы лауазымы қарастырылмаған. 2025 жылғы 4 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін пошташының міндеттерін №100000-30-2025-216571 өтелмелі қызмет көрсету шарты негізінде С.А. Құсайынова атқарған.
Аталған шарттың қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты пошта қызметін көрсету қажеттілігі қайта қаралған. «Қазпошта» АҚ мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы округта тұрақты пошташы қызметін ұстауға қажетті жұмыс көлемі қалыптаспағандықтан, тұрақты пошташыға қажеттілік жоқ деп көрсетілген.
Сонымен қатар, тұрғындардың хат-хабарлары мен мерзімді басылымдарын жеткізу қызметі толық тоқтатылмайды. «Қазпошта» АҚ мәліметіне сәйкес, округ жазбаша хат-хабарлар мен мерзімді басылымдарды жеткізу Ерейментау аудандық бағытындағы автокөлік бағыты бойынша аптасына 1 рет жүзеге асырылатын болады.
Осыған байланысты округта пошта қызметінің қысқартылуы пошта қызметіне қажетті жұмыс көлемінің болмауы және штаттық пошташыны ұстауға қажеттіліктің болмауына байланысты жүргізілгенін хабарлаймыз.