2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындармен көтерілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қойтас ауылдық округінің әкімімен тұрғындармен өткізілген тұрақты кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 2026 жылғы 29 сәуірдегі №15 өкім негізінде Қойтас ауылының аумағын рекультивациялау, оның ішінде тозығы жеткен, апатты және иесіз қалған үйлерді бұзу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар барысында елді мекен аумағындағы тозығы жеткен, апатты және иесіз қалған тұрғын үйлер анықталып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тиісті жұмыстар ұйымдастырылып, қауіп төндіретін және пайдалануға жарамсыз нысандар бұзылды.
Бұзылған үйлердің орындары құрылыс қалдықтары мен қоқыстардан тазартылып, аумақтар ретке келтірілді. Нәтижесінде ауылдың санитарлық және эстетикалық жағдайы жақсарып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасалды.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен ескертулер ескеріліп, Қойтас ауылының аумағын абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар орындалды.

Дата публикации
09 сентября 2026