Кездесу барысында сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
1.Қала тұрғыны. М. Жадайұлы көшесінің №10 үйден №20 үйге дейінгі аралықтағы жолға қиыршық тас және инертті материалдар төсеп, тегістеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Қойылған сұраққа Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметов аталған жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы түсініктеме берді.
2. Қала тұрғыны. М. Жадайұлы көшесінің жол бойында орналасқан топырақ пен инертті материалдарды жинау және шығару жұмыстарын жүргізу қажет.
Қойылған сұраққа Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметов аталған жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы түсініктеме берді.
3. Қала тұрғыны. Трансформатордың артындағы жолға қиыршық тас және инертті материалдар төсеп, тегістеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Қойылған сұраққа Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметов аталған жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы түсініктеме берді.
Кездесу барысында сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
1. Қала тұрғыны. Қазақ көшесінде орналасқан бетон аялдаманы тазалау жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Қойылған сұрақ бойынша Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметов аталған жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді.
2. Қала тұрғыны. Мектеп маңындағы аялдаманы түзету жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды.
Қойылған сұрақ бойынша Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметов аталған жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді.
3. Қала тұрғыны. Мұқатов көшесі, 99-үйдің маңында арық қазу жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Қойылған сұрақ бойынша Ерейментау қаласының әкімі Т. Т. Ахметов аталған жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді.
Ерейментау қаласының әкімі Талғат Ахметовтің 2026 жылғы екінші жартыжылдықта халықпен кездесулері төмендегі кестеге сәйкес өткізіледі.
Кездесулер барысында тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, өзекті мәселелер қаралады.
Кездесулер кестесі:
6 қазан, сағат 15:00 – Ерейментау қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектептің акт залы (Шанхай шағын ауданы);
7 қазан, сағат 15:00 – бұрынғы №1 негізгі мектептің акт залы (Шахта шағын ауданы);
8 қазан, сағат 15:00 – №1 жалпы орта мектептің акт залы;
9 қазан, сағат 15:00 – Т. Шаханов атындағы №2 орта мектептің акт залы;
13 қазан, сағат 15:00 – қалалық әкімдіктің мәжіліс залы;
14 қазан, сағат 15:00 – Н. Смағұлов атындағы мектеп-лицейдің акт залы.
Қала тұрғындарын кездесулерге қатысуға шақырамыз.
Сайлаушылар тізіміне уақытша болатын жері бойынша енгізу туралы өтініш беру
Өтініш беру мерзімі – 2026 жылғы 23 шілдеден кешіктірілмейді.
Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған күннен бастап тиісті жергілікті атқарушы органға жүгініп, сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлау күніне дейін кемінде 30 күн бұрын өзінің тіркелген жеріндегі сайлау учаскесіне дауыс беру күні келе алмайтыны белгілі болса, ол нақты уақытша болатын жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен тиісті жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылы.
Ерейментау қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 105 және Ш. Уәлиханов көшесі, 60 мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің маңын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ерейментау қаласы бойынша Ш. Уәлиханов көшесіндегі 43, 45, 56, 60, Бөгенбай көшесіндегі 97, 99, 105 және Атан батыр көшесіндегі 13 мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына сыртқы жарықтандыру шамдары орнатылды.
Жоспарда Ш. Уәлиханов көшесі 43В, Бөгенбай көшесі 101 және Жантай батыр көшесі 83, 83Б мекенжайларындағы үйлерге жарық орнату көзделген.
Құрметті Ерейментау қаласының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік әл-ауқат индексін қалыптастыру аясында халық арасында онлайн сауалнама жүргізуде.
Сауалнаманың мақсаты – тұрғындардың өмір сүру жағдайы, инфрақұрылым сапасы, қызметтердің қолжетімділігі, қауіпсіздік деңгейі және өмір сапасына қатысты пікірлерін зерделеу.
Сіздерді сауалнамаға белсенді қатысуға шақырамыз. Сіздің пікіріңіз өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындауға және өңірлік саясатты жетілдіруге ықпал етеді.
Сауалнамадан өту сілтемесі: https://forms.gle/gs5vvzkjNeWjDQS88
Қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы сәйкес, 2026 жылғы 1 маусымда Ерейментау қаласында жергілікті қоғамдастық мүшелерін сайлау бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары өткізіледі.
Жиындар келесі мекемелердің акт залдарында өтеді:
Сағат 11:00-де Ерейментау қаласының №1 негізгі мектебі — «Шахта» және «Известковый» шағын аудандарының тұрғындары үшін;
Сағат 12:00-де Ерейментау қаласының №3 орта мектебі — «Шанхай» шағын ауданының тұрғындары үшін;
Сағат 15:00-де Ерейментау қаласының №1 орта мектебі — шағын аудан тұрғындары үшін;
Сағат 16:00-де Ерейментау қаласы әкімдігі ғимаратында — Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі шағын ауданының тұрғындары үшін;
Сағат 17:00-де Т. Шаханов атындағы №2 орта мектебі — шағын аудан тұрғындары үшін;
Сағат 18:00-де Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейі — шағын аудан тұрғындары үшін.
Күн тәртібінде:
— Ерейментау қаласының жергілікті қоғамдастық мүшелерін сайлау.
Қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз.
«Ерейментау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 25 000 000 теңге көлемінде қаржы қарастырылды.
2026 жылғы 12 қаңтарда Ерейментау қаласы әкімдігінің ресми сайтында, Instagram парақшасында және WhatsApp желісіндегі («Реальная жизнь», «Актуальные вопросы») топтарда жобалық ұсыныстарды қабылдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындардан жобалық ұсыныстар 2026 жылғы 20 қаңтар мен 1 наурыз аралығында қабылданды. Аталған кезеңде екі жоба келіп түсті:
Ұсынылған жобалар белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша сараптамалық кеңесте қаралды.
2026 жылғы 5-23 сәуір аралығында Ерейментау қаласы әкімінің аппаратының ресми сайтында аталған жобалар бойынша дауыс беру өткізілді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша:
Осылайша, тұрғындар арасында ең өзекті деп танылып, ең көп дауыс жинаған (80 дауыс) «Қалалық саябақ» жобасы жеңімпаз болып анықталып, іске асыруға жіберілді.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы жыл сайын белгіленген мерзімде жүзеге асырылады. Тұрғындарды ресми сайт арқылы жобалық ұсыныстар енгізуге және ұсынылған жобаларға дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз.
Құрметті Ерейментау қаласының тұрғындары!
Ерейментау қаласының әкімдігі 2026 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде жоба ұсыныстарын қабылдау басталатынын хабарлайды. Бұл — қаламыздың инфрақұрылымын жақсарту бойынша өз ұсыныстарыңызды енгізуге тамаша мүмкіндік.
Жоба ұсыныстарын тапсыру тәртібі:
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін (қоса алғанда).
Жоба ұсыныстары келесі бағыттарды қамтуы мүмкін:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Жоба ұсынысын қалай тапсыруға болады:
Біз әрбіріңізді қаламызды жақсартуға белсенді қатысуға шақырамыз! Сіздің пікіріңіз бен бастамаларыңыз — жалпы әл-ауқат үшін маңызды.
Қосымша ақпарат алу және ұсыныстарды беру үшін Ерейментау қаласының әкімдігіне жүгініңіз.