| 1 |
Ерейментау қ., №1 ОМ |
Урбишова З., қала тұрғыны |
М. Жадайұлы көшесі бойындағы автобус аялдамасы маңына 1 жарық нүктесін орнатуды сұрайды |
Ағымдағы жылдың мамыр айында «АРЭК» АҚ тіректеріне (бірлескен ілу) көше жарығын орнату жоспарланған |
| 2 |
Ерейментау қ., №3 ОМ |
Оразбаева Р., қала тұрғыны |
«Шанхай» шағын ауданындағы балалар алаңына қоршау орнатуды сұрайды |
Бюджет қаражатының шектеулі болуына байланысты қоршау орнату жұмыстары жүргізілмейді |
| |
|
Оразбаева Р., қала тұрғыны |
Балалар алаңы маңына лас су төгетін тұлғаларды анықтап, жауапкершілікке тартуды сұрайды |
Ерейментау ауданының полиция бөлімі ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдады |
| 3 |
Ерейментау қ., №1 ОМ |
Сүлейменова М.К., қала тұрғыны |
«Шымбұлақ» өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірін салуды сұрайды |
Жаяу жүргіншілер көпірін орнату жұмыстары жүргізілді |
| |
|
Сүлейменова М.К., қала тұрғыны |
Заречная көшесі бойындағы жолды грейдерлеуді сұрайды |
Заречная көшесінде грейдерлеу жұмыстары жүргізілді |
| |
|
Сүлейменова М.К., қала тұрғыны |
Приречная көшесінде – 2 дана, Заречная көшесінде – 2 дана көше жарығын жөндеуді сұрайды |
Аталған көшелердегі көше жарықтарының ақаулары жойылды |
| 4 |
Ерейментау қ., РДК |
Каримов С., қала тұрғыны |
Бөгенбай көшесі №99 үй маңындағы баскетбол алаңын балалар қауіпсіздігі үшін қоршауды ұсынады |
Қоршау орнату жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында жүргізіледі |
| |
|
Есенбеков Д.Х., қала тұрғыны |
С. Сейфуллин көшесі бойымен арық қазу жұмыстарын жүргізуді сұрайды |
Көктемгі су тасқыны кезінде су ағындары басқа арнаға бұрылғандықтан, арық қазу қажет емес |
| |
|
Нұрғазинова Р., қала тұрғыны |
Ерейментау қаласының орталық саябағындағы қоршауды ауыстыруды ұсынады |
Қаржы бөлуге өтінім берілген, алайда бюджет тапшылығына байланысты қаржыландыру қарастырылмаған |