"Ерейментау қаласы әкімінің аппараты" ММ
- Ерейментау қаласы әкімі аппаратының мүдделерін соттарда, сот шешімдерін орындау органдарында, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда ұсыну.
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің "Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі" базасын енгізу.
- Ерейментау қаласы әкімдігінің қабылданған және жарияланған нормативтік құқықтық актілерінің мониторингі.
- Қала әкімі аппаратында шығарылған қолданыстағы өкімдерді, шешімдерді және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту немесе күшін жою жобаларын дайындау және әзірлеу.
- Иесі жоқ объектілерді беру, коммуналдық мүлікті теңгерімге қабылдау мәселелері бойынша сотқа құжаттама дайындау.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу порталында орналастыру үшін конкурстық құжаттама жобаларын, техникалық тапсырмалар жобаларын дайындау.
- Мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаздармен азаматтық-құқықтық шарттардың жобаларын дайындау.
- Мемлекеттік сатып алу жөніндегі бірыңғай комиссияның жұмысына қатысу. Шарт талаптарына үміткерлердің ескертулерін есепке алуды жүзеге асырады, заңнаманың талаптарына сәйкес конкурстық құжаттаманың жекелеген ережелерін түсіндіруді жүзеге асырады.
- Жер - құқықтық қатынастар мәселелері бойынша құжаттарды дайындау және әзірлеу.