2026 жылғы 22 қазанда Бозтал ауылының әкімшілігінде сервистік әкімшілік кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мұқатов қатысты.
Жаңа кабинеттің ашылуы ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі сапалы көрсетуге, халықпен тиімді байланыс орнатуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Салтанатты рәсім барысында шашу шашылып, жаңа бастамаға ақжарма тілектер айтылды. ✨
Сервистік әкімшілік кабинеті ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға өз үлесін қосады деп сенеміз!
Құрметті ауылдастар!
Биыл жергілікті қоғамдастық мүшелерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты жергілікті қоғамдастықтың жаңа мүшелерін сайлау қажет.
Осыған байланысты әр көшенің тұрғындарымен жеке-жеке жиындар өткізіледі. Жиын барысында жергілікті қоғамдастықтың жаңа мүшелерін таңдауға қатысты мәселелер қаралады. Сондықтан барша ауыл тұрғындарынан аталған жиындарға немқұрайлы қарамай, белсенді қатысуларыңызды сұраймыз!
Сіздердің қатысуларыңыз – ауылымыздың маңызды мәселелерін бірлесе шешуге қосқан үлестеріңіз.
📅 Жиын бейсенбі 8 қазан төмендегі уақыт бойынша өткізіледі:
📍 Ынталы көшесі (Кирикбаев О. үйі жанында)– сағат 11:30
📍 Ардагерлер көшесі (Айдабулов Е. үйі жанында)– сағат 12:00
📍 Достық көшесі (Сардарбеков К. үйі жанында)– сағат 15:00
📍 Тәуелсіздік көшесі (Карагулов С. үйі жанында)– сағат 15:30
📍 Б. Момышұлы көшесі (Оспанов Т. үйі жанында)– сағат 16:00
Әр көшенің тұрғындары осы көрсетілген үйдің жанында жиналуын сұраймыз.
🎈 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ауыл әкімдігі мен мектеп ұжымының ұйымдастыруымен мектеп алаңында мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында балалар үшін қызықты спорттық сайыстар мен көңілді ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балғындар өз өнерлері мен ептіліктерін көрсетіп, мерекені ерекше әсермен өткізді.
Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Барша бүлдіршіндерге шаттыққа толы балалық шақ, мықты денсаулық және бақытты өмір тілейміз! 🌈🎉👧👦
🏆 “Үміт” спартакиадасындағы жарқын жеңіс! 🏆
2026 жылғы 29 мамыр күні Ерейментау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық «Үміт» спартакиадасы өтті.
Аталған жарысқа Бозтал ауылынан Жаниев Нұрлан Қайыргелдіұлы, Ристан Еркегүл және Өміртай Медет қатысып, ауыл намысын абыроймен қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 Ристан Еркегүл әйелдер арасында шахматтан және дойбыдан І орын иеленді.
🥇 Жаниев Нұрлан Қайыржанұлы дартс сайысынан І орынға ие болды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің табандылықтарыңыз бен жігерлеріңіз көпшілікке үлгі. Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Қатысушыларымызға белсенділіктері мен аудандық спартакиадаға қатысқандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! 👏👏👏
2026 жылғы 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ауылдың мәдениет ұйымдастырушысы Абыкеева Бекзат Қонақбайқызы аудан әкімі атынан марапатталып, Алғыс хатқа ие болды. Еңбегіңізге табыс, шығармашылық жетістіктер және зор денсаулық тілейміз!
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Бозтал ауылындағы соғыс ардагерлеріне арналған монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Тағзым шарасында ерлікпен ел қорғаған батырларымыздың рухына құрмет көрсетіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, Отан үшін жанын қиған ардагерлеріміздің ерлігі мен өнегелі жолы ұлықталды.
Бейбіт өмір сыйлаған батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Ардагерлерімізге мың тағзым! 🌹