Бозтал ауылы әкімі Г.Алимжанованың 2023 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және алға қойылған міндеттері туралы есебі
Құрметті Нұрлан Зияйденұлы, ауыл тұрғындары!
2023 жылдың ішінде ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2024 жылға арналған міндеттері туралы баяндама етуге рұқсат етіңіздер.
Бозтал ауылының әкімшілік шекарасында бір елді мекен, 9 мал жайылым учаскесі баршылық. Ауылдың аумағында 651 адам тұрады, олардың 66-сі зейнеткер, жұмыспен қамтылған 325 адам, 16 жасқа дейін жастардың саны 198 адам, 16-18 жасқа дейін 27 бала, көпбалалы аналар 15, алтын алқа- 1, күміс алқа иелері - 5 отбасы, 18 мүгедек жан, олардың ішінде екінші топта – 8, үшінші топта -10 адам, 1-тыл еңбеккері бар.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2023 жылы Ақмола облысы бойынша Мансап орталығы коммуналдық ММ-сі арқылы қоғамдық жұмыстарға 3 адам жіберілді. Биылғы жылға жұмыс орындарын құру жоспары 142 пайызға орындалды, оның ішінде СПК Бозтал, ТОО Маулен-тау, Баянды Санжар, Зейнел ШҚ жаңа жұмыс орындарын ашты.
Қазан айы дәстүрлі Егде адамдарды әлеуметтік сүйемелдеу айлығы аясында зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жаңдарға құрмет көрсетілді, жеке кәсіпкер Елсінқан Шінгілбай ақысыз тойханасын ұсынды, қайырымдылық ас беріліп, мерейлі жасқа келген зейнеткерлерге сйылықтар берілді, алғаш рет зейнеткер қатарына қосылған азаматтарға құрмет көрсетілді Муканов К.С, Оспанов Амангельды, Кыздарбеков Болатбек, Сактаганова Райхан. Аға буынды құрметтеу мақсатында жомарт жанды азаматар демеушілік жәрдем көрсетті Каблғажы Мұрат, Муканов Ж, Зейнел Б, Әділбек Б, Рахмет К, Кирикбаев Ж.
53 бүлдіршінге оның ішінде шағын орталығындағы 22 балаға Жаңа жылдық сыйлықтар таратылды, демеушілік көрсеткендер ИП «Ақылбек», Алькеев А.
2023 жылы бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен жалпы сомасы 980 мың теңгеге меморандумдар жасалды. Бұл сома Наурыз мерекесі, 9 мамыр, Қарттар күні, ауыл шаруашылығы күні, Балаларды қорғау күні сияқты іс-шараларға жұмсалды.
Ауыл шаруашылығы бағыты
Ауылымызда – 8 ЖШС -ТОО жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 19 шаруа қожалығы, 28 кәсіпкер тіркелген және 1 ауылшаруашылық өндірістік корпоративі жұмыс жасайды. Олардың барлығы жеке материалдық – техникалық базалармен қамтылған ауылдың дамуына өз үлестерін қосуда.
Шаруашылық басшыларына да кәсіпорындарының жұмысын дамытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған, жаңа техникалар алынып, қолда бар техника жөнделіп-қалпына келтіріледі, несие алу мүмкіндіктері де баршылық.
2023 жылы «Ауыл – аманаты» 2,5 пайыз жеңілдікпен несиелеу бағыты бойынша ауылымыздан 2 екі адам Мәуітхан К. және Әділбек Б. қатысып несиесін алды. Биылғы жылға да 4 адам осы бағыт бойынша ниет білдіріп отыр.
Халықтың мұқтажын шабындық алқаптармен қанағаттандыру үшін ауыл аумағындағы 132 га жер учаскесі Бозтал ауылы шекарасына белгіленді.
Және 1 жыл мерзімге 22 адамға және 6 ШҚ-қа -203 га шабындық жер бөлінді. 203 га ол- 5 жер пайдаланушы бойынша Баянды-Санжар жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жаманкара Айгыржал, Горный ШҚ және жеке тұлға Айткулов Беріктің жалға алу мерзімі уақытылы заңдастырылмағандықтан жер учаскелері мемлекеттік қорға өткен жер учаскелері. Қысқа кажетті шөп дайындалды.
2024 жылғы 01 қаңтарға округ бойынша тіркелген малдардың саны 4347 мүйізді ірі қара, 6704 қой- ешкі, 2848 жылқы және 1506 үй құстары бар.
Сібір жарасына қарсы 5100 бас ірі қара мал, 5200 бас ұсақ мал, 1700 бас жылқы егілді, қарасан ауруына-4300 ІҚМ, құтырмаға қарсы егілген – 300 бас ірі қара мал, 200 бас ұсақ мал, нодулярный дерматит -2700 бас ірі қара, 3400 бас туберкулезге ірі қара малға, 2000 бас ірі қара лептоспирозға қарсы вакцина егілді. 1000 бас жылқыға ренопневманияға қарсы вакцина берілді
2024 жылдың 1 тоқсан ішінде аусылға қарсы вакцина 3600 бас ірі қара мал, ұсақ мал-1100 бас биылғы жылы егілді. Эмкар ірі қара мал-1000 бас егілді.
Білім беру, денсаулық және мәдени спорт
Ауылымызда 1 орта мектеп жұмыс істейді, Қазіргі таңда мектепте 118 оқушы оқып жатыр және 4 бала даярлық топта, шағын орталықта -23, жалпы мұғалімдер саны – 21, оның 4 -і декреттік демалыста, 2 - қоса атқарушы (Өлеңті ауылынан).
Биылғы оқу жылында 3 жоғарғы білімді жас маман келді. Тамыз айында 8 оқушыға жалпыға міндетті білім беру қорынан материалдық көмек көрсетілді (1 оқушыға 40 мың теңгеден). Олардың 2 қамқорлықтағы балалар, 6 оқушыға «Қамқоршылық кеңестің» шешімі бойынша (коллегиально) көмек берілді.
«Мектепке жол» акциясы аясында 4 оқушыға материалдық көмек көрсетілді, бірінші сыныпқа барған 9 оқушыға да сыйлықтар берілді. Жалпы соммасы 130 мың теңгеге. Демеушілік көрсеткендер Байконыс, КМ-Бирлик, Секуов ШҚ, Еділ ЖК, жеке тұлға Алимжанов Ж .
Тегін тамақтанатын 1 – 4 сынып оқушылар саны – 41.
2023 жылы 2 қазандық пен түтін шығаратын мұржасы ауыстырылды.
Жылу жүйесінің 250 метр трубасы ауыстырылды, 10 жаңа шойын батареялар орнатылды мердігер ЖК Корамсаков; 52 сынған, жарылған терезелер ауыстырылды ( мердігер ЖК Аян ), жалпы 278 тн Богатыр көмір алынды.
Ауыл тұрғындарға қызмет көрсететін медициналық пункт жұмыс істейді. Ауруы бойынша диспансерлік есепте 26 адам тұр. Оларға тегін дәрі-дәрмектер беріледі. Жоспарлы 300 орнына 296 адам флюрографиялық тексерістен өтті.
Жылдың басынан дүниеге 10 бала келді, 4 адам дүние салды. 59 бала тексеруден өтті, 63 адам жылжымалы медициналық кешен ПМК скринигтен өтті.
Ауылдық кітапханада 7098 кітап қоры бар. Оның ішінде қазақ тіліндегі 4396 кітап бар, оқырмандар саны 452 адамды құрады. 36 мәдени және әдеби іс-шара ұйымдастырылды. Кітапханада 1 оқу залы мен кабинет бар.
Ауылда телефон байланысы бірқалыпты жұмыс істейді. 146 нөміріне қызмет көрсетіледі ұялы байланыстың болуы (Ксеll., Вееlinе, Aктив, Tele -2), интернет желісі жұмыс істейді.
Санитарлық тазарту, абаттандыру
Ауылдық округ бойынша экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында көктемгі және күзгі кезеңдерде абаттандыру, санитарлық тазалау бойынша айлық жарияланып және іс-шаралар жоспары бекітілді. Игі мақсатқа аудандық бюджеттен 330 мың теңге бөлінді. Көше бойы электр бағаналары, әкімшілік аумағындағы ағаштар әктелді, үгіт насихат баннерлер ауыстырылды, 60 гүл көшеттері отырғызылды. Таза бейсенбілік пен сенбіліктер ұйымдастырылды. Қоқыс шығаратын бір бригада жұмыс атқарды Ол ЖШС-гі «Маулен-тау». Өленті-Бозтал тас жолы ұзындығы 12 км ШЖК «Эко-жәрдем» автогрейдермен шілде және қыркүйек айында тегістелді, ЖШС-гі «Маулен-тау» қоқыс алаңын жинастырды. Өленті-Бозтал тас жолының жағалауындағы ағаш талдар кесіліп алынды
2023 ж. басындағы бос қалдық қаражат 1082 мың тенге жергілікті қауымдастық мүшелерімен келісіп маслихат сессиясында бекітіліп 6 пластикалық терезе ауыстырылды
Жол, жарыктандыру, сумен жабдықтау
Бозтал ауылының кентішілік жолдарын орташа жөндеу бойынша сметалық құжаттама дайындалды, экспертиза (сараптама) өткізілді, жөндеудің алдын ала құны 219 млн теңгені құрайды, осы автожолды орташа жөндеуден өткізу үшін бюджеттік өтінім ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне тапсырылды, шілде-тамыз айында жартылай жұмыстары басталады.
Ауыл тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Әр үйге су тартылған.
Қоғамдық тәртіп
8 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде 2 хаттама 505 бап «Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу», 1 хаттама -73 бап- «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер», 1 хаттама 492 бап «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» 1 хаттама-437 бап «Тыныштықты бұзу» бойынша.
Ауылдың учаскелік инспекторы мотоцикл басқаруын кәмелетке толмаған балаларға берген тұлғаларға әкімшілік шара қолдану, сондай-ақ жануарлардың қараусыз қалуына жол бермеу бойынша алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Азаматтардың өтініштері
2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны барлығы 14. Оның ішінде жеке тұлғалардан түскен өтініштері – 14, әкімнің жеке қабылдауында 2 өтініштер уақтылы қаралып, қанағаттандырылған.
Мемлекеттік қызмет қөрсетілімі
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша: 2023 жылы жылдың басынан 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» 1 кезең-5, және 2 кезең бойынша -9, негізді бас тартулар жоқ.
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»-3 жеке тұлға өтініш жолдады
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы алынған қызметтер-206. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша стенд бар, стендтер уақытылы жаңартылып отырады.
Жоспарларымыз:
Назарларыңызға рахмет!