Ерейментау ауданының әкімі Н.З. Мұқатовтың
және Бозтал ауылының әкімі Г.Т. Алимжанованың
Бозтал ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесуінің
Х А Т Т А М А С Ы
Бозтал ауылы 23 сәуір 2026 жыл
Өткізілген орны: әкімшілік акт залы
Өткізілген уақыты: сағат 11:00
Қатысқандар саны: 34 адам
Төрағасы: Алимжанова Г.Т.
Шақырылғандар:
- Ерейментау аудандық мәслихат төрағасы – Әбжіков Медеу Ерболұлы;
- «Ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК бас маманы – Жанатов Мерей Жанатұлы;
- Ерейментау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі – Әбжіков Әлім;
- Ерейментау АПБ УПҚ полиция аға майоры - Шалов Ерлан Амангелдіұлы;
- Ерейментау ауданы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы – Жапабаев Бахтияр Қанатұлы.
Күн тәртібінде:
- Бозтал ауылының әкімі Г.Т Алимжанованың «2025 жылғы Бозтал ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы» баяндамасы.
- Ерейментау ауданының әкімі Н.З.Мұқатовтың «Ерейментау ауданының 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы» баяндамасы.
Тыңдалды:
- Бозтал ауылының әкімі Г.Т Алимжанованың «2025 жылғы Бозтал ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы» баяндамасы.
- Ерейментау ауданының әкімі Н.З.Мұқатовтың «Ерейментау ауданының 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы» баяндамасы.
Есептік кездесу барысында ауыл тұрғындары қойған сұрақтарға түсіндірмелер мен толыққанды жауаптар берілді.
Сөз сөйлегендер:
- Жаниев Қ.Қ. – ауылдағы көшелерді жарықтандыру мәселесінің қашан шешілетіні жөнінде.
Жауап: Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы – бұл сұрақ бойынша биылғы жылы жарықтандыруға қаржы бөлінбегені туралы мәлімдеді.
- Сақтағанов Б.Ж. – мектеп оқушыларын аудан орталығына медициналық тексерулерден өткізу және басқа да іс-шараларға қатыстыру үшін арнайы көлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы.
Жауап: Ерейментау ауданының әкімі Мұқатов Нұрлан Зияйденұлы - бұл сұрақ бойынша тиісті мемлекеттік мекемеге жеткізетінін мәлімдеді.
Кездесудің шешімі:
Бозтал ауылының әкімі Г.Т Алимжанованың «2025 жылғы Бозтал ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы» баяндамасы назарға алынсын.
- Ерейментау ауданының әкімі Н.З.Мұқатовтың «Ерейментау ауданының 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы» баяндамасы назарға алынсын.
- Ауыл әкімі Г.Т.Алимжановаға айтылған ескертулер мен ұсыныстардың орындалуы қадағалауға алынсын.
Бозnал ауылының әкімі: Г.Т. Алимжанова
Хатшысы: Н.А. Матаева