2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Бозтал ауылы әкімінің тұрақты кездесуі барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халықпен кездесулер өткізу туралы» 2022 жылғы 03 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес, Бозтал ауылы әкімінің халықпен өткізген тұрақты кездесулерінің қорытындылары туралы тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында:
Қосымша
Ерейментау ауданы
Бозтал ауылы әкімінің
2026 жылғы «30» сәуір
№12 өкіміне
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Бозтал ауылы әкімінің және аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесуі барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Ұсыныстың / ескертудің мазмұны (мәселенің мәні) |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы ақпарат
|
|
1 |
Бозтал ауылында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу |
сәуір-мамыр 2026 ж. |
Г.Т. Әлімжанова -ауыл әкімі |
|
|
2
|
Бозтал ауылында су тасқыны кезеңі алдында су өткізу құбырларын тазалау |
31.03.2026 ж. |
Г.Т. Әлімжанова -ауыл әкімі, су тасқынына қарсы штаб |
|
|
3 |
Қысқы кезеңде Бозтал ауылының ішкі көшелерін қар үйінділерінен тазалау |
қысқы кезең |
Г.Т. Әлімжанова -ауыл әкімі |
|
|
4 |
ҚТҚ полигоны аумағын қалдықтарды одан әрі шығару және орналастыру үшін тиісті жағдайға келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу |
01.07.2026 ж. |
Г.Т. Әлімжанова -ауыл әкімі |
|