
Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Бұқаралық спортты халық арасында насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде ауылда тұрақты негізде түрлі дәрежедегі спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіледі.
Жыл сайын Наурыз мейрамына арналған ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, Отан қорғау күні мен Жеңіс күніне арналған волейболдан аймақтық жарыстар. Ерлер арасында 5 команда бақ сынасты: Торғай ауылының командасы, Тайбай ауылының командасы, Өлеңті ауылының командасы және Бозтал және Бозтал 2 ауылының командасы. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары арасында спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.
Жыл сайын ауданда біздің спортшылар "Надежда" мүгедек спортшылар арасындағы аудандық спартакиадаға, "Құлагер" ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша аудандық спартакиадаға, "Ақ бидай" аудандық жазғы спартакиадасына, мемлекеттік қызметшілер арасында "Бірлік"аудандық спартакиадасына қатысып, жүлделі орындарды иеленеді.