Бестоғай ауылдық округінің әкімі Мусин Жомарт Хамзеұлының «Бестоғай ауылдық округі тұрғындырына 2023жылғы қорытындысы мен 2024 жылдың міндеттері» туралы есеп беру тұрақты кездесуі бойынша баяндамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес халықтың ақпараттандыру мақсатында, тұрғындар алдында барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері барлық республика бойынша өткізіледі. Атқарушы үкіметтің және тұрғындардың осындай кездесулері барысында өзекті мәселелер шешіліп, тұрғындар елімізде жүзеге асырылатын реформалар, өткен жылдың қорытындысы, ауылдарды, ауданды, облысты және республиканы одан әрі дамыту жөніндегі міндеттердің орындалуы жайында хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің қазақстан халқына жолдауынан:
Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру аса маңызды. Осы қадамның бәрі біздің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты формуламызды біртіндеп нақты мән-мазмұнмен байыта түседі.
Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз.
Ауыл шаруашылығы
Бестоғай ауылдық округіндегі халық санағы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына халық саны 504 адам мекендейтін 3 ауыл - Бестоғай, Байсары, Қызылту ауылдары кіреді.
Үй шаруашылықтары
|
Мал мен құс атауы |
2023ж 1 қаңтар |
2024 ж 1 қаңтар |
Сальдо |
|
Ірі қара мал |
1608 |
1473 |
-135 |
|
Оның ішінде аналығы |
1282 |
1222 |
-60 |
|
Ұсақ мал |
3279 |
3333 |
+54 |
|
Жылқы |
1195 |
1230 |
+35 |
|
Құс |
2149 |
2203 |
+54 |
ШҚ
|
Мал мен құс атауы |
2023 ж 1қаңтар |
2024 ж 1 қаңтар |
Сальдо |
|
Ірі қара мал |
519 |
241 |
-278 |
|
Оның ішінде аналығы |
444 |
194 |
-250 |
|
Ұсақ мал |
530 |
739 |
+209 |
|
Жылқы |
428 |
412 |
-16 |
Округте 9 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 8 шаруа қожалығы тіркелген. Төрт түліктің күтіміне ден қойған «БірлікАгро» ЖШС, «KazHoursMugalshar» ЖШС, «Еркебұлан», «Сұлтан», «Арқа», «НұрБереке», КХ «Сұлтан» шаруа қожалықтары бар «Қалиолла Ш» - қойлардың саны көбейтіп 1553 басқа жеткізді, жылқы – 412 бас. Қазіргі уақытта біз халықаралық органикалық егіншілікке сертификаттаудан өтіп жатырмыз. . «Бірлік агро» ЖШС – гі өткен жылы 500 га алқапқа бидай егіп жақсы нәтиже көрсетті.
Бестоғай округінде негізінде ет бағытындағы үлкен жұмыстар атқарылып жатыр, Барлық мал басы бірдейлендіріліп, сырғаланып, базаға енгізу бақылауда ұсталынады. Сырға салынған жануарлар ИСЖ дерекқорына енгізіледі.
Бестоғай, Байсары және Қызылту ауылдарында мал шаруашылығына арналған қалд мен раскол салынды.
Кәсіпкерлік
Ауылдық округ бойынша 6 жеке кәсіпкерлер тіркелген. Көп жағдайда сауда саттыққа бағытталған. Шағын бизнес ауылды азық-түлікпен, шаруашылық және өндірістік тауарлармен қамтамасыз етеді. «Қызылту» ЖШС «Селета Агро Инвест», «Аббас Агро» және «Арнада Инжиниринг» ЖШС демеушілігімен қарттар күні, Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді.
Абаттандыру
. Жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде көріктендіру және жасылдандыру жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жылы Бестоғайдағы Азат етуші жауынгерлер ескерткіші сырланып – сыланды. Байсары мен Бестоғай ауылындағы автобус аялдамалары мен көше бойындағы электр бағанасын ағартылды.
Қоғамдағы тәртіп
Ауылымызда қоғамдық тәртіпті сақтау азаматтардың қәуіпсіздігін қамтамасыз ету, Мектепте учаскелік полиция инспекторының қатысуымен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. ауылдағы тазалық мақсатында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Айлық тазалау кезінде ауыл тұрғындарына ескерту хаттары таратылды, ауыл клубтарында айлық санитарлық жұмыс жүргізу, мал бағу мәселерін ұйымдастыру жөнінде жиналыс өткізілдеді.
Халықты әлеуметтік қорғау.
Халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайын тұрақты жақсарту барлық ісіміздің нәтижелігін көрсететін қадам. Округте 72 зейнеткер, I, II, III топтағы 21 мүгедек, атап айтатын болсақ 1 топ 3 адам, 2 топ 5 адам, 3 топ 11 адам және 2 бала мүгедек бар. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 2 отбасы, 1 чернобылдық, 10 көп балалы жанұя, 5“Алтын алқа” және 6 “Күміс алқа” иегерлері бар.
Тұрақты жұмыс іздеу кезінде уақытша көмек көрсету, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауда қоғамдық жұмыс басым орын алады. Жұмыспен қамту орталығында 3 адам тіркеуде тұр. Жыл басынан 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты,
Білім
Білім беру бағдарламалары ауылдық округ бойынша, екі білім беру мектептерінде Бестоғай орта мектебінде, Байсары бастауыш мектептерінде жүргізіледі. Екі мектеп бойынша 45 оқушы (нөлдік сыныптарды қоса алғанда) білім алуда. Бестоғай негізгі мектебінде «Балауса» атты шағын центрінде 15 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Ұжымда он төрт мұғалім бар , оны жоғары біліммен, төртеуі орта-арнайы біліммен. Биылғы жылы Бестоғай мектептің қазандық қондыруын ауыстыру, материалды-техникалық базаны нығайту жұмыстары жоспарлануда. Аудандық білім бөлімі қаржысы есебінен, Байсары және Қызылту ауылынан қатынап оқитын он тоғыз балаға тасымалдау ұйымдастырылды, он 24 тегін ыстық тамақпен қамтылды, . Жылу беру маусымы кезінде мектепке 300 тонна көмір қажет. Көмір сақтауға жағдай барынша қарастырылған.
Мәдениет
Мәдениет саласында округімізде 2 ауылдық клуб, 1 кітапхана жұмыс істейді. Кітапхана жыл сайын жаңа әдеби, танымдық кітаптармен толығып отыр. Барлық мекемелерде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәдени мекемелерде төрт ұжым жұмыс істейді. «Әжелер» ансамблі, «Сельчанка» фольклорлық ансамблі, бишілер тобы, «Ложкари» ансамблі.
Ағымдағы жылы "Қызылту" ЖШС компаниясының көмегімен Бестоғай ауылдық клубының шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ішкі жөндеу жұмыстары, ауылдық клуб сахнасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Денсаулық сақтау.
Округте екі медициналық пункт бар. Туберкулезбен ауыратын науқастарға ерекше назар бөлінеді. Жоспар бойынша флюрографиялық тексерулер, скринингтік зерттеулер жүргізіледі, ересектер мен балаларға профилактикалық егулер жасалады.
Көлік және байланыс
Тіршілік инфрақұрылымы жол жағдайы екендігі баршасына мәлім. Жол жөнінде проблемалар бар. Бестоғай және Байсары ауылының ортасында жыл сайын көктемде өзен суы тасуы себепті, жол шайылады. Сол себепті, ауыл тұрғындары бір ай бойы өзеннен қайық арқылы өтеді.
Телефон байланысы Бестоғай, Байсары ауылында АО Казахтелеком қызметін көрсетеді. Бестоғай ауылында адамдардын қалауымен көптеген үйлер интернет желісіне қосылған. Бестоғай ауылдық округінде ғаламтор желісі қазір жақсы жұмыс істеп тұр: актив, билайн, H+, 4G.
Шарт бойынша, ауылға почта аптасына екі рет- апта сайын дүйсенбі және жұма күні әкелінеді.
Ауылдық округ аппаратының жұмысы
Ауыл азаматтарынан 2023жылы бойынша барлық өтініштер, мемлекттік қызмет көрсетулер уақытылы қаралып, шаралар қабылданады және жауаптар беріледі. Сонымен қатар кездесулер өткізіліп, онда Президентің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту, жеке сектордың малын бағу, ауыл көшелерін жарықтандыру және қысқы кезеңде жолдарды күтіп-ұстау жағдайы туралы мәселелер, сонымен қатар аудан және ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында айтылған сын ескертулері мен ұсыныстарының орындалуы туралы ақпараттандырылып қарастырылады. Әлеуметтік мәселені шешудің жолы болып, жергілікті салық жинау болып саналады.
Құрметті ауылдастар!
Ауылдық округтегі 2024 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарды баяндап бердім. Кеткен кемшіліктерді, алда тұрған міндеттерді жарыс сөзге шығып айтады деп ойлаймын. Сын түзелей мін түзелмейді. Келер күннен зор үміт күткен ауыл халқы осы жылы да жақсы игі істердің куәсі болады деп сенемін.
Тыңдағандарыңызға рахмет!