Ақмырза ауылы тұрғындарының
жергілікті қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткен жиынының
ХАТТАМАСЫ
Ақмырза ауылы 2026 жылғы 27 ақпан
Өткізу орны: әкімдік кабинеті
Өткізу уақыты: сағат 11:00
Жиынға ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық өкілдері қатысты: 53 адам, оның ішінде жергілікті қоғамдастық мүшелері – 6 адам.
Жиын төрағасы: К.Қ. Дюсенов
Жиын хатшысы: Л.Ж. Несипбаева
Күн тәртібінде:
Мәселені қарау регламенті ұсынылды: сөз сөйлеушілерге 2 (екі) минутқа дейін уақыт беру.
Қарсылықтар түскен жоқ. Регламент қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшеміз.
Сөз сөйлеген ауылдық округ әкімі К.Қ.Дюсенов өз баяндамасында 2025 жылғы 27 қарашадағы № 8С-23-6 Ақмола облыстық мәслихатының бірлескен шешіміне және Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № А-11/615 қаулысына сәйкес Жолбасшы ауылы таратылып, әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік деректерінен шығарылғанын атап өтті. Аталған шешімге сәйкес таратылған елді мекеннің аумағы Ақмырза ауылының құрамына Жолбасшы көшесі ретінде енгізілген.
Ақмырза ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде таратылуына байланысты мемлекеттік мекеменің атауын қолданыстағы әкімшілік мәртебеге сәйкестендіру қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты «Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін «Ақмырза ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып қайта атау ұсынылды. Аталған мәселе бойынша ұсыныстар түскен жоқ.
Жергілікті қоғамдастық төрағасы Р.Ю. Нұрғожин сөз сөйлеп, бұл мәселенің маңыздылығын атап өтті. Ол Жолбасшы ауылының дербес елді мекен мәртебесінен айырылғанына өкініш білдірді, алайда аталған өзгерістер аумақтың одан әрі дамуына кері әсерін тигізбеуі тиіс екенін айтты. Оның пікірінше, әлеуметтік-экономикалық даму жалғасады, ал ұсынылып отырған өзгерістер ұйымдастырушылық сипатқа ие және қалыптасқан жағдайға байланысты қажетті шара болып табылады. Қайта атауға қарсылық білдірмеді.
«Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін «Ақмырза ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып қайта атау туралы мәселе дауысқа қойылды. Осы шешімді қабылдауға кім «жақтап» дауыс береді?
«Жақтап» – 53 дауыс. «Қарсы» – 0 дауыс. «Қалыс қалды» – 0 дауыс.
Жергілікті қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткен азаматтар жиынының шешімі:
Тұрғындар жиынының төрағасы: К. Дюсенов
Тұрғындар жиынының хатшысы: Л. Несипбаева