Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округінің әкімінің 2025 жылғы 09 қаңтардағы №1 «2025-2027 жылдарға арналған Ерейментау қаласының, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» аудандық мәслихаты шешімін жүзеге асыру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 маусымдағы № 8С-42/2-25 «Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-35/2-24 «2025-2027 жылдарға арналған Ерейментау қаласының, ауылдардың және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Ақмырза ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған, оның ішінде 2025 жылға арналған бюджеті мынадай көлемдерде орындалсын:
1) кірістер - 292 937,5 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері – 4 926,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 200,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 286 811,5 мың теңге;
2) шығындар – 295 344,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредитерді өтеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 407,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 407,4 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
«1.1 2025 жылға арналған Ақмырза ауылдық округінің бюджетінде заңнамада белгіленген тәртіппен 2025 жылғы 1 қаңтарға 2 407,4 мың теңге сомасында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары пайдаланылатыны ескерілсін.»;
жоғардағы көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Ақмырза ауылдық округінің әкімі К.Дюсенов
Ақмырза ауылдық округі әкімнің
2025 жылғы 18 маусымдағы № 2 шешіміне
Қосымша
Ақмырза ауылдық округі әкімінің
2025 жылғы 09 қаңтардағы №1 шешіміне
Қосымша
2025 жылға арналған Ақмырза ауылдық округінің бюджетіне республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден нысаналы трансферттер
|
Атауы |
Барлығы, мың теңге |
Оның ішінде |
||
|
Республикалық бюджет тен |
Облыстық бюджет тен |
Аудандық бюджет тен |
||
|
Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты |
268 616,5 |
16,0 |
247 970,0 |
20 630,5 |
|
Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге |
1 956,0 |
0,0 |
0,0 |
1 956,0 |
|
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға |
16,0 |
16,0 |
0,0 |
0,0 |
|
"Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде Ерейментау ауданы Ақмырза ауылының Ынтымақ, Бейбітшілік-Тәуелсіздік, Бимжанов, Жастар, Ынтымақ-Достар көшелерінің автомобиль жолын орташа жөндеу |
247 970,0 |
0,0 |
247 970,0 |
0,0 |
|
Қызметтік автокөлікті сатып алуға |
7 500,0 |
0,0 |
0,0 |
7 500,0 |
|
Әкім аппаратын орналастыру үшін ғимарат сатып алуға |
9 000,0 |
0,0 |
0,0 |
9 000,0 |
|
Әкімдердің біліктілікті арттыру курстарына іссапар шығыстарына |
589,8 |
0,0 |
0,0 |
589,8 |
|
Автомобиль жолдарын жөндеу сапасына сараптама жүргізуге |
1 584,7 |
0,0 |
0,0 |
1 584,7 |