Өкім жобасы
Ақмырза ауылының аумағында "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексiнің 67, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабындағы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен ұсынылған өтініш пен материалдарды қарап:
- "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Ақмырза ауылы жерлерінің аумағында талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) және телефон кәрізін салу және пайдалану үшін жалпы ауданы 0,0059 га жер учаскесіне 10 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық серветут) құқығы белгіленсін.
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы магистральдық жылу трассасын жобалау және салу үшін жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
- Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
К.Дюсенов