Ерейментау ауданының Ақмырза ауылдық округі бойынша 2024 жылғы түсімдер бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы аналитикалық есеп

Ерейментау  ауданының Ақмырза ауылдық округі бойынша 2024 жылғы түсімдер бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы

аналитикалық есеп.

 

          Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңына, бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 сәйкес кірістер бойынша түзетілген бюджет 126 858, 6   мың теңге құрады.

 

Кірістер

 

         Кірістер бойынша 2023 жылға бекітілген бюджет 124 145,0 мың теңгені құрайды.

       2024 жылға арналған нақтыланған бюджет кірістер бойынша 124 858,6 мың теңгені құрайды.

      2024 жылғы кіріс бөлігі 124,1 % - ға орындалды, жергілікті бюджетке  129 720,4 мың теңге түсті.

      Меншікті кірістер 120,3 % - ға орындалды (жоспар бойынша 4 093,0 мың теңге 4 926,0 мың теңге түсті), бюджетке асыра орындау сомасы 833,0 мың теңгені құрады.

        Тұтастай алғанда, қаржы жылы аяқталғаннан кейін кірістердің бюджеттік сыныптамасының барлық дерлік кодтары орындалды.

       Салық түсімдері 120,3 % - ға орындалды (жоспар бойынша 4 093 мың теңге 4 926,0 мың теңге түсті), оның ішінде:

 

       - 101 202" Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы " жоспарланған 57,1 мың теңгенің орнына 600,1 мың теңге түсті, бұл өткен жылға қарағанда 556,3 мың теңгеге артық.

 

      - 104 102 "Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық" - жоспардан               59,6 мың теңге немесе жоспардан 101,0% мың теңге орнына 60,2 мың теңге түсті, бұл өткен жылға қарағанда 14,2 мың теңгеге артық.

 

      - 104 302 "Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы" - жоспардан 34,0 мың теңге немесе жоспардан 104,1% кезінде 35,4 мың теңге түсті, бұл өткен жылғы жоспардан 1,4 мың теңгеге артық.

 

     - 104 401 "Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық" – 162,7 мың теңге немесе 100,0% түсті, бұл өткен жылғы жоспардан 4,9 мың теңгеге аз.

 

       - 104 402" Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық " - жоспар 2 234,0 мың теңге немесе 101 % болған кезде 2 254,7 мың теңге түсті, асыра орындау 20,7 мың теңгені құрады.

 

       - 105315 «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем» - жоспарланған 1 029,6 мың теңге немесе 104,1% болғанда 1 072,1 мың теңге түсті, асыра орындау 42,5 мың теңгені құрады.

 

       Салықтық емес түсiмдер: (жоспарда 0,0 мың теңге болса, 0,0 мың теңге түстi).

 

       - 303 311 «Жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер» - жоспар 2 100,0 мың теңге немесе 53,3% болғанда 1 118,4 мың теңге түсті, орындамауы 981,6 мың теңгені құрады.

 

       Трансферттер мен субвенциялар түсімдері 100% -ға орындалды (жоспар -

118 276,6 мың теңге), оның ішінде:

- аудандық бюджеттен субвенциялар – 16 028,0 мың теңге;

- ағымдағы нысаналы трансферттер – 102 248,6 мың теңге

Дата публикации
20 марта 2025