«Ақмола облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихаттың шешімінің жобасы

Ақмола облыстық мәслихаттың «Ақмола облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, , сондай-ақ өзге де жылу энергетикасы саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

Бұл шешімді қабылдау қажеттілігі қолданыстағы заңнаманың талаптарына және аймақтық нормативтік құқықтық актіні жылумен жабдықтау саласындағы жаңартылған стандарттарға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты. Мәслихаттың 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 6С-5-3 шешімімен бекітілген бұрын қолданыста болған Ережелерде жылу беру маусымына коммуналдық инфрақұрылым нысандарының сенімді дайындығын қамтамасыз етудегі құқықтық реттеудегі, техникалық талаптардағы және заманауи тәсілдердегі өзгерістер ескерілмейтін ескірген ережелер бар. Жаңа Қағидаларды қабылдау анықталған сәйкессіздіктерді жоюға, уәкілетті органдардың, жылумен жабдықтаушы ұйымдар мен коммуналдық кәсіпорындардың өзара іс-қимыл тетіктерін өзектендіруге, сондай-ақ облыс аумағында жылыту маусымын дайындау мен өткізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
08 января 2026