В Акмолинской области представлен социально-экономический анализ к расчету стоимости питьевой воды для населения

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы субсидияланатын сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілетін бір текше метр ауыз суға төлемақыны есептеуге дайындалған әлеуметтік-экономикалық талдауды ұсынды.

Құжатта өңірдегі жұмыспен қамту, халық табысы және инфляция көрсеткіштері қамтылған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады, ал бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2021 жылмен салыстырғанда 62,4%-ға өсіп, 329,7 мың теңгеге жетті. Халықтың жан басына шаққандағы табыстары да тұрақты өсімді көрсетуде.

Өңірдегі су беру қызметтерінің орташа тарифі текше метріне 322,73 теңгені құрайды. Ұсынылып отырған төлемақы мөлшері — 120 теңге/м³, бұл облыстағы орташа деңгейден 2,7 есе төмен. Сонымен қатар, ол табиғи монополия субъектілерінің республикалық орташа тарифінен (107,41 теңге/м³) небәрі 11,7%-ға ғана жоғары.

2026 жылдың 31 наурызына дейін халық үшін төлем мөлшері өзгеріссіз қалады. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап тарифті кезең-кезеңімен түзету көзделген:

  • 120 теңге/м³ — бір адамға тәулігіне 140 литр тұтыну нормасы шегінде;

  • 156 теңге/м³ — тұтыну нормасынан асқан жағдайда, 1,3 коэффициентін қолдану арқылы.

Төлем мөлшерін белгілеу республика және облыс бойынша орташа тарифтер шегінде жүзеге асырылады.

Толық құжаттар мен есептеулер төменде қоса берілген.

Су шаруашылығы нысандарын салу және пайдалану бөлімінің басшысы:
Макаров И.В.
8 (7162) 29-80-21

Дата публикации
04 декабря 2025