«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сұйылтылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі №372 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №17541 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Ақмола облысы бойынша өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия құру тұралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 тамыздағы №А-8/358 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.М. Рамазановқа жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.